Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жылы жүрек – жомарт қол» атты мерекелік кеш өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі кешке мектеп өміріндегі білім мен тәрбие беруге қатысты кез келген іс-шара мен игі бастамалардың басы-қасынан табылып, үнемі оқушылардың спорттық немесе өнер сайыстарына облыс, республика көлемінде қатыса алуына мүмкіндік жасап жүретін жомарт жандар шақырылды. Оларға сәби жүрегінен шыққан жыр шумақтары мен әсем әндер арналды.

Бұл кеш көктемнің алғашқы күнінде адам жанына жылулық сыйлаған қайталанбас сәттерімен есте қалды. «Қайырымдылық жасасаң - қайырымын өзің көресің», дейтін ұлы халқымыздың даналығы еске оралғандай. Концерт соңы демеуші-қайырымды жандар атынан сөз алған Көкпекті аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Нұргүл Берікханова мен жеке кәсіпкер Әсер Жеңісханның жылы лебіздерімен аяқталды.


Мейіргүл КАМЕТ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз