Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақ тарихы мен әдебиетінде атақ-даңқы Абайдан асқан, Абайдай танымал, дара туған тұлға жоқ. Даналықтың өлшемі бола білген философ ақынның рухани мұрасы қазақ халқының зерделі ойы мен өмірі тұрғысындағы энциклопедия секілді.
Көкпекті ауылындағы «Көкпекті Толағайы» балабақшасының «Еркетай» тобының үйымдастыруымен ұлы тұлғаның 175 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ халқы – Абай халқы» атты әдеби-сазды ертеңгілік өтті.
Абай мұрасы халқымыздың рухани болмысын білдіретін баға жетпес қазына. Әдеби-сазды ертеңгіліктің мақсаты ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, меңгерту. Кемеңгердің өзі айтқанындай, Абай атамыздың артынан өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, халқымен бірге жасай береді.


Іс-шара барысында бүлдіршіндер Абайдың көптеген өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ол өзінің өшпес туындыларында қазақ халқының рухани жан қуатын, оның ең ізгі қасиеттерін жарқын және толық көрсетіп берген. Абайдың зор еңбегін бағаламау мүмкін емес. Жүрегі «Қазақ» деп соққан әр ұрпағы Абайдың өлеңдерін бойтұмар қылып сақтап жүруі тиіс.


Райхан Көкенова,
«Еркетай» тобының жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз