Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушыларымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Артында өшпес сөз қалдырған» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі К.Смаилованың Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ұлы ойшыл Айбайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың халқымызға ой салатын, ұрпағымыздың санасының көкжиегін кеңейтіп, тәрбие-тағылым алатындай маңызды мағыналы істер атқаруымыз керек», - деп айтуы, Абай іліміне ғылыми тұрғыдан мемлекеттік деңгейде өте жоғары мән беретіндігі туралы сөздерімен басталып, «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары Ұлы Абайдың өнегелі өмірімен және шығармашылық көрмесімен танысты.

Іс-шара барысында Көкпекті аудынының Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінің өкілі К.Садвокасова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқыды. Осыған байланысты «Жас сақшы» кадет сыныбының оқушылары Маркален Нұрай – «Күз», Құдайберген Жансұлу – «Ғылым таппай мақтанба», Омарбекова Аружан – «Жастарға», Ризаева Гүлден – «Әсемпаз болма әр неге» атты өлендерін, ал Өмірбекова Назерке – бірінші қара сөзін, Миратұлы Талант – он алтыншы қара сөзін, Газизова Еркежан – он тоғызыншы қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Г.Нұрғалиева оқушыларға табыс тілеп, Ұлы ақын Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушыларға арнайы әзірленген сыйлықтарды табыс етті. Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің директоры Қ.Жүнісбеков болашақ ұрпағының рухани өміріне және тәрбиесіне, парасатты ұлт қалыптастыруда рухани азық болатын ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі және шығармашылығын оқушыларға насихаттағаны үшін тарихи-өлкетану мұражайының басшылығына және бұл іс-шараға өз үлесін қосқан Көкпекті ауданы полиция бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.


Г. Нұрғалиева, Көкпекті АПБ бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз