Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өскемен қаласында 4-7 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиадаға аудан мектептерінен 20 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектепте дарынды оқу-шылар аз емес. Олардың бірі – Меруерт Қапарова 10 сынып оқушысы. Меруерттің нұрлы жолы осы мектептен басталды. Ол 10 жыл бойы мектепте үздік оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Меруерттің ағылшын тіліне деген ықыласы ерекше. Ол осы пәнді үздік оқып келеді. Оның пәнге деген сүйіспеншілігін оятқан ұстазы Айжан Қизатқызы Орымбекова. Меруерт аудандық және облыстық пән олимпиадаларының жеңімпазы болып келеді. Жақында рес-публикалық пән олимпиадасында ІІ орынға ие болып жеңімпаз атанды. Меруертке және пән мұғалімі Айжан Қизатқызын жеңістерімен құттықтай келе, алда білім шыңының биігінен көрінуге тілектеспіз.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз