Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні Көкпекті орта мектебінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымының белсенділері мен дарынды балаларына арналған слет өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Шараның құрметті қонақтары: Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қ.Алғазинов, Өнер мектебінің директоры А.Сүлейменов, Дзюдо күресінің жаттықтырушысы және Евразия құрлығының жүлдегері Өскен Төлеубеков.


Саханаға көптеген олимпиадалар, ғылыми жобалар, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары Ж.Әділханова, Е.Мауытхан, Н.Бақытжанова, Н.Серікова, Ж.Амангелдинов, А.Жанғазина, Қ.Мұхаметқалиева, А.Тауфикқызы, Ә.Қалкенов, М.Васильев, А.Карамбаев, Н.Рябик, М.Әубакіров, Н.Алдажұман, Қ.Баймадиева, Ж.Булатова, З.Қалқаманқызы, А.Даулетханқызы, Мерғали Қорлығайын
шығып оларға құттықтау тілегі мен мадақтама қағаздарын ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы табыс-тады.
Ал, шығармашылық жағынан көзге түсіп жүрген мектеп мақтаныштарын Өнер мектебінің директоры Асқар Сүлейменов құттықтап марапаттады. Олар Ә.Алтынбекова, Т.Медельханұлы, Ерлан Жанайым, Балабек Нұрасыл, Ә.Айтқазиев Э.Жұмаділова, В.Виничук, С.Мұхаметжанова, А.Советқанова, А.Митрофанова, А.Оразкен.
Сондай-ақ, бұл күні «Олимпиада үміттері» аталымымен спортты жанына серік еткен жас спортшыларды дзюдо күресінен Еуропа чемпионы Өскен Төлеубеков құттықтап марапат табыстады. Олар И.Айдарғазин, Ә.Жарақтан, Б.Донбаев, М.Түсіпбек, Н.Серіков, М.Ілияс, Н.Дастан, Е.Салимова, Д.Тұрлыбаев, Д.Ордаханова, Б.Акижанов, Д.Ғалиев, Құмар Туран, Э.Ермеков, Е.Қайырлы, Б.Жексенбаев болды.
Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Көкпекті орта мектебі ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз