Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

28 қараша күні аудандық Тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 1991 жылы дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті қызметіне сайланды, екі аптадан кейін Тәуелсіз Қазақстанның басшысы болды.
Осы айтулы мереке қарсаңында мұражай қорының сақтаушысы Клара Смаилова Шәріптоғай негізгі мектебінің, Амангелді орта мектебінің және Көкжайық мектебінің оқушылары қатысқан тақырыптық іс-шара ұйымдастырды. Сондай-ақ, Көкпекті ауылындағы Балалар өнер мектебі де ұйымға көмек көрсетті.


Тұңғыш Президент атымен біз тәуелсіздік пен мемлекеттілігіміздің мызғымастығын, демократия мен прогресс жолында елдің дамуын байланыс-тырамыз. Біздің Президентіміздің күш-жігері мен бастамаларының арқасында бүгін Қазақстанды бейбітшілік, келісім, конфессияаралық толеранттылықтың айғағы ретінде танимыз, ал Нұр-Сұлтан, қазіргі заманғы астанамыз - мәдени және ғылыми өмірдің орталығы, жасампаздық пен заманауи сәулеттің символы, - деді Клара Рафиковна өзінің кіріспе сөзінде.
Бұдан әрі балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы өмірбаяндық фильм, Елбасы шығармаларының көрмесі көрсетілді. Шәріптоғай негізгі мектебінің оқушылары өлең оқып, тілектерін білдірді.
Кездесу соңында Қазақстан Тұңғыш Президент күнін тойлауды дәл жеті жыл бұрын бастағаны атап өтілді. Содан бері мемлекеттік мереке Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елді қалыптастырған және 30 жыл бойы мемлекет рөлінде тұрған жетістіктерін еске түсірудің тағы бір мүмкіндігі болды.

Виктория ГАРМАШОВА 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз