Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жас қыран» бірыңғай жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас қыран» құрамына мүшелікке қабылданды. Ұйымының мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымыз екені анық. «Жас қыран» ұйымына 32 оқушы қабылданды.
«Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімін Көкпекті ауданының «Құрметті азаматы» Баянды Кәкенұлы Қожамбетов және Жастар орталығының маманы Ақбота Бақытбекқызы Асылханова, мектеп директоры Қажет Жүнісбековке, ұстаздарға және ата-аналарға берілді.


Салтанатты жиынның құрметті қонағы Баянды Кәкенұлы құттықтау сөзінде: «Жастарымыз бүгінгідей бейбіт күнде өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашанда биік шыңдардан көрінсін. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін», - деген тілегін айтты.
Жиыннан соң мектебіміздегі «Жас сақшы» сыныбымен кітапхана меңгерушісі Хабила Қалияқперқызы Ахметқалиеваның ұйымдастыруымен зияткерлік сабақ өтті. Президент күніне арналған зияткерлік сабақ оқушыларға Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы мәлімет беруді мақсат етті. Сайыс түрінде өткен бұл сабақта оқушылардың өз отанын сүю, ел басқарған ер азаматтарға ел тарихы туралы білімдерін көрсету болды. Үш топқа бөліну арқылы тілшілер, әдебиетшілер, тарихшыларға қатысты сұрақтар қойылып еліміздегі атақты тұлғалар туралы білімдерін толықтырды. «Жас сақшы» сынып оқушылары зияткерлік сайыста өз белсенділіктерін көрсете білді, сабақ барысында тұңғыш Президент Н.Ә.Назарабаевтың ерең еңбегі жайлы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалып, қазақтың қара домбырасымен күй шертілді.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз