Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бата беру халқымыздың ертеден көнермей келе жатқан салт дәстүрінің бірі. Халқымыз батаны ерекше қастерлеген. Қазақ халқы өз тұрмыс салтында барлық игілікті ісін тек батамен бастаған. «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер» дейді халқымыз. Осы сөздерден жұртымыздың батаға деген көзқарасының қандай болғанын байқауға болады. Халқымыз ежелден бата беруге аса талғаммен қараған. Батаға ерекеше мән, маңыз берген. Батаны албаты кез-келген адам емес аузы дуалы, елге сыйлы ақсақал адамдар беретін болған. Бата беруде айрықша мән маңызбен өзіндік жосын жоралғы бар. Қазақта бата алудың мағынасы көп. Бата берудің өзіндік түрлері бар. Алыс сапарға шығарда үлкендерден бата алады. Сонымен бірге арнайы барып қадірлі ақсақалдардан бата алады. Және жас жұбайларға, нәресте туғанда, сүндет тойларда, той думандарда қадірлі қариялардан арнайы ақ бата сұраған.


Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебінде аудан ақсақалдары арасында «Бата беру» жарысы өтті. Мектептің акт залында өткен іс шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев, Теректі ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахметқалиев, аудандық маслихаттың депутаты Дархан Дюсембаев қатысты.
Әділқазылар кезінде аудан әкімінің орынбасары болған, ел анасы - Клара Смаилова, Самар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдархан Садықов, күміс көмей, жез таңдай әнші - Кеней Зейнолла, Көкпекті ауданының бас ақыны, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі - Нұрлан Назарханов «Бата беру» сайысына қатысушыларды – киіну этикасы, мәнерлеп оқуы, жатқа айта білуі және батаның тәрбиелік мәні бойынша бағалады. Қазылардың қорытынды бағасы қосылып, жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Сайыс шарты бойынша жарысқа қатысушылар «Рухани жаңғыру», «Алғыс айту күні» және тақырыптық атауларда бата берісті. Тағы басқа бата беру түрлерінен біліктілігін көрсетіп, өскелең ұрпаққа қазақтың дәстүрін паш етуі тиіс. Бұл сайыста үміткерлердің бата берудегі қазақтың бай мұрасын көрсете білуі мен мәнер-мақамы, сөйлеу стилі ескерілді.
Батаны қазақы салт-дәстүрге сай, нақышына келтіріп, өскелең ұрпаққа өнегелі етіп орындаған аудан қарияларының арасынан Самар ауылы атынан сынға түскен Оралбек Читояков бас бәйгені жеңіп алды. Ал ІІ орын Үлгілімалшы ауылынан келген берген батасы қалт кетпейтін батагөй ағамыз Шахан Тұрсынхановқа берілді. Шұғылбай ауылынан келген Өмір Рахымжанов, жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге, Кегенбай би, Қосан би, Тана мырза, Қокаш қажы, Бөдес ата атындағы аталымдар да жөн- жоралғысымен ұсынылды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.

Қайрат МАЛҒАЖДАРОВ 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз