Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде Көкпекті аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудан мектептерінің директорлары, балабақшалардың меңгерушілері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен бас есепшілерінің қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді. Іс-шараға ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Қасым Дүйсекин, аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов және Көкпекті ауданы прокуратурасының прокуроры Серік Смағзамов болды.
Осы кеңесті ұйымдастыруға себеп ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енгізген қылмыстық құқықбұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсыныстарды қарау болды.


- Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басым бағыттары анықталды. Осыған байланысты, пәрменді құралдардың бірі қылмыстық құқықбұзушылық жасауға және ҚР ҚІЖК 200-бабының тәртібінде басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды жіберу болып табылады. Біз енгізетін ұсыныстардың мақсаты алдағы уақытта белгілі бір мемлекеттік органда анықталған заң бұзушылықтарға жол бермеу болып табылады, - деді өз сөзінде Қасым Ертәулікұлы.
Сондай-ақ, ол талқыланған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Олардың ішінде: үстеме ақылар мен сыйақыларды алу үшін бөлімге өтініш беру тәртібі бойынша мектеп директорлары арасында сабақтар өткізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлер мен бас бухгалтерлердің міндеттерін әзірлеу және бекіту, ауданның мектептері мен балабақшаларында 1С бухгалтериясын ұйымдастыру және пайдалану.
Одан әрі Серік Смағзамов Көкпекті ауданының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың қолданылуын тексеру нәтижелері туралы есеп берді.
Біздің ауданның білім беру бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты Шолпан Мұстафинова ұсынды. Өз сөзінің соңында ол бүгінгі күні бөліммен заңдылықты бұзуды алдын алуға, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға және Мемлекеттік орган мен азаматтардың өзара іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Жиналыс білім бөлімінің бас есепшісі Ардақ Сюбебаеваның баяндамасымен аяқталды. Ол қатысушыларды еңбек ақы, қосымша ақы, үстеме ақы және сыйақы төлеу қағидаларымен, сондай-ақ 2019 жылғы салық есептеріндегі өзгерістермен таныстырды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз