Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Казнаковка білім беру жобасы Көкпекті ауданы бойынша алғашқы кезі 2005 жылы басталған болатын. 2017 жылы «IQanat» білім беру қоры Шығыс Қазақстан облысы бойынша іске кірісті. Аталмыш жобаның биылғы 2018 -2019 оқу жылындағы олимпиадасының І кезеңі 2019 жылдың 9 қаңтарында салтанатты түрде ашылып, олимпиада басталды. Олимпиаданың ашылу салтанатына Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова және «IQanat» білім беру қорының облыстық үйлестірушісі А.Матыбаева биылғы оқу жылының І кезеңіне қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі. Олимпиада эссе жазу, математика, физика, ағылшын тілі пәндері бойынша болды. Олимпиадаға ауданның 9 сынып оқушыларынан 83 оқушы қатысты. Білім сайысы Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде ұйымдастырылды.

Олимипиаданың салтанатты ашылуына өткен оқу жылының абсолюттік жеңімпаздары яғни шетелдегі жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері келіп биылғы оқу жылының алғашқы қатысушыларына жылы лебіздерін білдіріп, жеңіп алған FAB LAB кабинеттерінің қазіргі уақытта сабақта қолданып жүргендерін мақтанышпен жеткізіп, «IQanat» олимпиадасының алар асуы биік екенін айтып, сәттілік тіледі.
Олимпиаданың І кезеңінен сүрінбей өтіп ІІ кезеңге жол тартқан оқушылар Астана қаласына бірнеше күндік Республикалық кезеңге қатысуға барады. Оқушылардан күтер үмітіміз өте зор.

Г.Бақытбек, Көкпекті ауданы бойынша «IQanat» білім беру қорының аудандық үйлестірушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз