Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде, «Балдәурен» лагері өз жұмысын 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шарамен бастады. Жалпы, жазғы лагерь жаз бойы жұмыс істейді,алғашқы 1ай көлемінде бастауыш сынып оқушылары өздерінің жазғы демалыстарын қызықты да, мәнді етіп өткізді. Тәрбиешілер А.Қожахметова, М.Раисова, мен психолог және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Акенев, музыка пәнінің мұғалімі С.Наурызхан, аға вожатый Д.Қабдылова әр түрлі ойындар мен шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, оқушылар аудандық кітапханаға, Самар орталық мұражайына саяхатқа барып, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру», «Болашаққа бағдар» бағдарламасына байланысты әзірленіп жатқан мақала материалдармен танысты. Жазғы лагерьде тіл үйірмелерін орталық оқытушылары С.Аязбаева мен Д.Нұрахметова ұйымдастырып, ағылшын және орыс тілін үйретуге көп көңіл бөлді.Лагерьдегі мерекелік іс-шаралар,спорттық ойындар оқушылардың жақсы тынығып дем алуларына септігін тигізді,- деп ойлаймын.


Маусым айында лагерьдегі демалушылар демеушілердің қолдауымен екі рет Өскемен қаласындағы этноауылға, «Қазақстан» саябағына саяхатқа барып келді. Үнемі қол ұшын үзбей, Ж.Болғанбаев атындағы мектебіне демеушілік жасап жүрген шаруа қожалықтарының басшылары, жеке кәсіпкерлер көмегі айтарлықтай зор. Атап айтатын болсақ, «Қалисатарұлы» С.Жотабаев,«Мәмбет» басшысы Е.Мәмбетов, жеке кәсіпкерлер: Н.Чапибаева, А.Бикатова, С.Лескен, Б.Кезенбаева, С.Елемес, Л.Дуанбаева, Ш.Әбішева, Е.Жотабаева, бас имам Б.Қалибай, С.Ислямова, Г.Дюсупова сияқты ауылымыздың беделді азаматтары мен кәсіпкерлерінің жомарттығына алғысымыз шексіз. «Берсең, балаға бер» деп, халқымыз айтқандай, мектеп жанынан ашылған лагерьдің жұмыс жоспарларының жүзеге асып, балғын бөбектердің қалаға саяхаттап барған сапарлары осындай қолы ашық, жүректері мейірімге толы кәсіпкерлермен шаруа қожалықтардың арқасында жүзеге асты.
Әр жылғы жазғы демалыс маусымы әртүрлі қызықтарға, балалардың шат күлкісіне тола берсе,- деймін.

А.Кезенбаева, педагог-психолог

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз