Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бұл күн мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Олар сан күндер бойы сананы сансыратқан, жүректі алаңдатқан мемлекеттік бірыңғай ұлттық тестілеу белесін артқа  тастап, ЖОО тапсыру үшін сертификатқа қол жеткізді. 2018 жылғы маусым айының 21 аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебінде орналасқан №861 ҰБТ тапсыру пунктінің бөлімшесінде ҰБТ өткізілді. 

Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ақпараты бойынша аудан бойынша биыл 212 түлек мектеп қабырғасынан қанаттанып ұшты, ұлттық бірыңғай тестке 18 мектеп, соның ішінен 154 түлек ҰБТ тапсыруға қатысты. Алтын белгі үміткері 24, үздік аттестат 9 бала.
Оның ішінде қазақ тілінде оқитын -116 оқушы, орыс тілінде оқитын – 35 оқушы. Аудан бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы түлектердің үлесі 69 пайызды құрады. Аппеляциялық комиссия төрағасы Жылбек Ғазизұлы Тұрсынбек болды. Қаптар мемлекеттік комиссия, БҒМ өкілдерінің қатысуымен ашылып, актіленді. Сонымен бірге, арнайы комиссиядан бөлек, министрліктің атынан келген арнайы бақылаушылар тест барысын қадағалап отырды.
Ғимаратқа енгізу сағат 7:40-да басталды. Енгізу кезінде 2 металліздегіш құрал пайдаланылды. Металліздегіш құралмен тексеру жұмыстарын мемлекеттік комиссия тағайындаған бір әйел, бір ер адам жүргізді. Тексеру барысында айқындалған барлық тыйым салынған заттар тапсырылды.
Аудиторияларда ауа тазартқыштар, желдеткіш жүйесі орнатылған. бейнебақылау камера, сонымен бірге 10 ұялы байланыс желісін өшіретін, 2 темір іздегіш аппарат бар. Тест тапсыратын аудиторияларда ауыз суға арналған диспенсер орнатылды. Ауданның шалғай ауылдарынан келген түлектер үшін жатын орын мен тамақтандыру ұйымдастырылды. Тестілеу кезіндегі барлық әрекеттер «Нұсқаулық» пен «Ереженің» талаптарына сай жүргізілді. 5 аудиториядағы 6 камера онлайн түрінде тікелей көрсетілді. Тестілеу басталғанға дейін барлық ұялы телефондар тәркіленді.
Жасөспірімдердің көңілі толқулы. Түлектер бүгін екі сезімнің жетегінде. Бірі қимастық болса, екіншісі қуаныш. Алда арман жүгі тағы бар әрине, балалықтың бал шағын өткізген мектебінен, білімнің көкжиегіне жетелеген ұстаздарымен қоштасу қанша қиын болса да, кәмелеттік жасқа толып, аттестат алу қуанышы одан басымдырақ болды.
ҰБТ қорытындысының орташа баллы аудан бойынша 86,0 балды құрады, ал өткен 2017 жылғы көрсеткіш 94 балл болды. 100 балдан жоғары алған 16 түлек болды,115 жоғары 8, 17 түлек ҰБТ шекті деңгейінен аттай алмай қалды.
Иә, мектеп бітіруші түлектердің әзірге бір ғана арманы бар. Ол-оқуға түсіп, белгілі бір маман иесі атану. Бүгінде үлкен өмірге жолдама алып, қанат қағып отырған оқушылар жүрегінде үміт пен күдік қатар өріліп, толқынысты сәттер өтуде. Ендеше, ақ жол тілейміз түлектерімізге!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз