Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауданымызда бірінші болып Ұлыстың ұлы күні – Нау-рыз мерекесін Көкпекті орта мектебі бастады. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі. Мектеп ауласына киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылған. Тіршілік атаулыға жылулық әкелетін молшылық мерекесін мектеп ұжымы «Алаш», «Бірлік», «Болашақ», «Достық», «Ынтымақ», «Толағай» ауылдары болып ұлттық тағам түр-лерінен дастархан әзірлеп, нау-рыз мерекесін тойлады. Бұл күні ұстаздар қауымы мен оқушылар қазақтың ұлттық киімін киіп, өз өнерлерін ортаға салды Наурызды көруге келген ата-аналар, ауыл тұрғындары оқушылар әзірлеген наурыз көжеден дәм татты. Мерекеге жиналғандарды мешіт имамы Кенжебек Ахметқалиев Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, бата берді.

Ал, кадет сыныбының шәкірттері әскери жаттығулар көрсетті. Мерекелік шара аясында «Асық ату», «Қол күрестіру», ұлттық ойындары және гір көтеру, арқан тарту сияқты спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Мереке соңында сыныптар арасындағы ұлттық тағам сайысы бойынша ауылдар арнайы мадақ-тамалармен марапатталды.
Мектеп өнерпаздары мен балалар дайындаған мерекелік концертіне ұласқан Наурыз тойынан көпшілік көтеріңкі көңілмен тарасты.


ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз