Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Жылы жүрек - жомарт қол» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Бүгінгі таңда қоғам назарын жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл аудару мақсатында елімізде сан түрлі шаралар жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осындай жарқын істер Көкпекті ауданында жақсы жолға қойылған. Оған қайырымдылық шаралары барысында жомарттық танытатын азаматтардың көбейіп келе жатқаны куә.
Мұндай дүбірлі шараны өткізудің мақсаты, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасай білетін, жаны жомарт, болмысы мәрт, ірі істер мен баянды бастамалардың басы-қасынан табылатын азаматтарымызға құрмет көрсетіп, алғыс білдіру болды.


Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің әлеуметтік педагогы Ғалия Өмірғалиева жыл сайын осындай игілікті істің бастамашысы болып жүр, оның айтуынша :
-Мерекелік кешке мектепте өтетін қайырымдылық акциялардың барлығына белсене ат салысатын, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға мектепке қажетті құрал-жабдық пен киім-кешек алып берген азаматтар және «Роботты техника» кабинетін ашу үшін көмек қолын созған жеке кәсіпкерлер шақырылды. Оларға 1 наурыз Алғыс айту мерекесі күні жүрекжарды алғысымызды білдіргіміз келді, - дейді.
Бұл күні ата-аналар атынан Манарбек Ханұлының, кештің арнайы қонақтарының бірі Көкпекті ауданы Кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Умаровтың мейірімділікке толы тілектері, тамаша, мән-мағынасы зор сөздері, жүрек жарды лебіздері айтылды. Сонымен қатар, шара барысында мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы қонақтарға алғыс білдіріп, жаны жомарт азаматтарға Алғыс хат табыстады. Кештің соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен ұласты.
Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік салтанат құрған елдің ғана болашағы баянды.Көңілі дархан даладай, кең пейілді қазақ – қашанда жетімін жылатпаған халық. Мәңгілік Елдің ұрпақтары тұғырдан таймай, тек биікте самғай берсін, жүрегі мейірімге толы қайырымды жандар қатары көбейе берсін дейміз.


КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз