Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Би - ежелден келе жатқан өнер түрі. Би өнері адамды тәрбиелеу жұмысында маңызы зор. Би тек қана әсемдік үшін ғана емес сонымен қатар, балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, әсерін тигізе отырып, денеге икемдік сымбат береді. Жалпы айтқанда, би – бұл дене қимылының поэзиясы.

 

Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Қазақ биі негізінен қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді. Қазақ классикалық биінің алғашқы болып іргетасын қалаған – Шара Жиенқұлова. Ал Шара апамыздың ізбасарларын тәрбилеп, би өнеріне үйрететін аудан бойынша үш үйірме жұмыс істейді. Аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Әр ұлттың би мерекесі» атты топтық және жеке орындаушылар арасында байқау болып өтті. Мақсаты – дарынды жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, халық биі, заманауи би түрлерін насихаттау. Байқауға 23 би ұжымы қатысып, 51 нөмір көрсетілді. Сайысқа қатысушыларға төрелік етіп, баға берген қазылар алқасының құрамында А.Сүлейменов, К.Садвакасова, А.Жүнісова, А.Оразаева болды. Жас өнерпаздар 6-9 жас, 10-12 және 13-16 жас мөлшері бойынша сайысқа түсті. Әуесқой және кәсіби би ұжымдары шеберліктерін көрсетіп, мықтылар анықталды. Би байқауының қорытындысы бойынша I орынды балалар өнер мектебінің «Балауса» тобы иеленсе, ал II орын- Көкжайық орта мектебінің «Ромашка» би тобы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің «Қызғалдақтар» тобы, Балалар өнер мектебінің «Жұлдыз-ай» кіші бишілер тобы. III орын-Көкжота орта мектебінің «Мойнақтар», Көкпекті орта мектебінің «Гармония» және Преображенка орта мектебінің «Балапан» би ұжымдарына берілді.

Сайыс ережесіне сәйкес 10-12 жас мөлшері арасында I орынды- Көкжота орта мектебінің «Тұмар» би тобы, II орынды - Балалар өнер мектебінің «Балауса», Преображенка орта мектебінің Айым Гүлім Айдынқыздары, Бастаушы ауылының Абай атындағы орта мектебінің «Шолпан» би топтары өзара бөлісті. Сондай-ақ III орынды Пушкин атындағы орта мектебінің В-I, балалар өнер мектебінің «Томирис», Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектебінің «Қызғалдақтар» би ұжымдары қанағат тұтты. 
Соңғы 13-16 жас аралығындағы топтар арасындағы сайыс нәтижесі бойынша I орын - № 1 Самар орта мектебінің «Самарчанка», ал II орын- Октябрь мектеп-балабақша кешенінің «Ұлдар»,І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің «Батырлар», Абай атындағы орта мектебінің (Бастаушы ауылы) «Шолпан» топтарының өнерпаздары иеленді.
Ал III орынды- Преображенка орта мектебінің «Агат»,М.Әуезов атындағы орта мектебінің «Тұмар», Маяковский атындағы негізгі мектебінің «Айгөлек», Көкжайық орта мектебінің «ViVa la vida» би топтары еншіледі. Әр ұлттың би мерекесі байқауына белсене қатысқан 29 би топтары мадақтамамен марапатталды. Осы байқауға шәкірттерін дайындап келген би үйірмелері жетешілеріне алғыс білдіреміз.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз