Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Туған жер...Осы сөзді естігенде адамның бойына ерекше жылулық тарап, балалық шағын кіндік қаны тамған жерін есіне алады. Менің туған жерім, Отаным – кішкентай болса да мен үшін аса қымбат, Қалбаның күнгей бетін алып жатқан, «Толағай» тауының шұрайлы кең жазығында орналасқан қасиетті де киелі Көкпекті ауылы.Осы туған жерім жайлы сіздерге біраз сыр шерткім келеді.
Мен кіші Отанымды «Тамырын тереңге жайған Көкпектім» деп жиі айтамын.Неге десеңіз, тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Көкпекті Патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты тұсында 1727 жылы бекініс ретінде алғаш бой көтерген. Кейін 1780 жылдан бастап «Көкпекті ауылы» деп атала бастаған болатын. Жылдар өте келе 1932 жылы Көкпекті ауданының орталығына айналды. Қазіргі күнде де облыс төрінде орналасқан ауылым өзінің «аудан орталығы» қызметін мүлтіксіз атқаруда. Міне, осындай тарихи кезеңдерден өткен қасиетті мекенді тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке қалай теңемеске?...


Көкпектім жайлы сөз қозғағанда, оның әсем табиғатын ұмыт қалдырмаймын. Көкпекті жылдың төрт мезгілінде де құлпырып, өз сұлулығын сақтап, әдемі көріністе болады. Бұл жерге алғаш келген адам ауыл табиғатынан әсерленбей қайтуы мүмкін емес деп нақ айта аламын. Бір көргенде тақия пішініне ұқсас «Толағай» тауы, мөлдіреп аққан «Көкпекті» өзені, тауы мен суының әсемділігі жалғасқан «Сарыбел» кімді болмасын еліктірері сөзсіз.
Осындай қайталанбас табиғаты,түгін тартсаң майы шығатын бай жері бар халқының өзіде жайдары. Алтын бесігімнің бүгінгі таңдағы тынысы бұрынғыдан ерекше.Көкпекті күннен-күнге көркею үстінде. Ауылдың көркейгені – Қазақстанымыздың көркейгені деп білемін.
Туған жерді көркейткен ол- ауылдың белсенді жастары.Олардың арқасында талай мәселе көтеріліп, өз шешімін тапқан.
Міне, менің туған ауылым, аудан орталығы Көкпектінің бүгінгісі мен кешегісі осылай болса, болашақта бұдан да өркендеп дамиды деп сенемін.
Себебі, ауылға жүрегі елім деп, жерім деп соғатын жоғары білімді жас мамандар Елбасының «Дипломмен ауылға» жобасымен көптеп тартылуда. Олар өздерінің алған білімдерімен жаңа жүйе бойынша өскелең ұрпақты сусындатуда .
Менің туған жеріме деген махаббатым ерекше болғаны соншалық, арманым да мақсатым да ауыл болашағымен ұштасады. Бала кезімнен аунап өскен ауылымды келешекте Қазақстанның қалалары қатарынан көргім келеді.Және сол арманымның жүзеге асуына бар күшімді мен де қоссам дей келіп, мына бір өлеңімді Көкпектіме арнаймын.

Көкпектім көріктісің туған жерім,
Қалбаның сезіп өстім самал желін.
Жасыл кілем жамылған сай-саласы,
Мекендеген қаз-үйрек айдын көлін.

Жайлауы Қалба таудың малға толы,
Тарихқа тұнып жатыр әрбір жоны.
Бұрала аққан бұлақтар сылқ-сылқ күліп,
Арқарлар шөп іздейді қырдан соны.

Аққу ұшып, көлінен қаңқылдаған ,
Туған жер, не жетеді мына саған!
Адамдары қонақжай, мол дастарқан
Мінезіңнен айналдым аңқылдаған.

Осындай елде туып, жерде өстім,
Әліппе ашып, біліммен ғұмыр кештім.
Көкпектім қанат қағып мен өзіңнен,
Қимай-қимай өзіңді жыраққа ұштым.

Шәкәрім оқу орным болған мекен,
Арманның биігіне оқып жетем.
Ғылым жолын үйреніп, маман болып,
Туған елге білімді тарту етем.

Балжан БЕЙСЕНОВА
Шәкәрім атындағы
Мемлекеттік университетінің студенті,Семей қаласы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз