Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Менің мектебім» акциясы біздің ауданымызда да өз жемісін бере бастады. Алғашқылардың қатарында Үлкенбөкен ауылындағы кезіндегі Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Қайролла Қайсанов болды. Туған ауылын ұмытпаған азамат өзі түлеп ұшқан ұясында білім алып жатқан жас жеткіншектердің замануи білім алуына жағдай жасап, елмен бірге атсалысты.


Өздеріңізге белгілі, өткен жылдың қазан айында Өскеменде өткен «Туған жер» кәсіпкерлер форумында «Менің мектебім» арнайы жобасы бастау алған болатын. «Менің мектебім» арнайы жобасы – облыстағы мектептердің білім сапасын арттыру үшін жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлердің, танымал жерлестердің қатысуы. Арнайы жоба аясында жиналған қаражат аудандардағы мектептердің физика, химия, биология кабинеттерін заманауи үлгіде жабдықтау және Назарбаев зияткерлік мектептерінің үлгісіндегі роботты техника сыныптарын ашу үшін жұмсалады.
Елді көркейтуге ниеттенгендер ішінде шаруа-шылығы бар, қалтасы қалың кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым ауыл азаматтарының бары да көңілімізді марқайтып тастады. Сондай кеңпейіл жандардың бірі Қайролла Қизатоллаұлы Қайсанов. Қайролла Үлкенбөкен ауылында дүниеге келген. Үлкенбөкен ОМ аяқтаған соң, 9 сыныптан кейін осындағы № 15 Кәсіптік-техникалық училищені оқып, жоғарғы санатты трактор-машинист мамандығын алады. Әскер қатарында борышын өтеп, елге оралғаннан кейін ауылда мал бағып, еңбек етеді. 1996 жылы жары Құралай екеуі отау құрып, қазіргі таңда 2 ұл 1 қызды тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы.
- Бұл менің аталмыш акцияға қосқан үлесім. Өзім өскен ауылыма болашақта да қолымнан келген көмегімді беремін. Бұл акция бәріміздің перзенттік борышымыз үшін жасалып жатқан шара деп ойлаймын, - деді Қайролла. Осындай азаматтың үлгісімен қазір ауданымыздың талай азаматтары туған мектептеріне қарасуда.
Біздің бабаларымыз: «Әркімнің туған жері - Мысыр шаҺары» деп бекер айтпаса керек. Бұл кім-кімге де өзінің туған жері ыстық деген сөз. Қайда жүрсең де туған жеріңді ұмытпауың керек. Облыс көлемінде өтіп жатқан «Менің мектебім!» акциясы, азаматтардың осындай патриоттық ерік-жігеріне сенгені даусыз. Тың бастаманың қазіргі таңда, жер-жерде қолдау тапқаны да содан.
Қорыта келгенде, ауданның әр азаматы акцияға үн қосуды міндетім деп санап отыр. Облыс, аудан орталығында тұратын кәсіпкер жерлестеріміз, ауылдардағы шаруа қожалықтарының басшылары «Менің мектебім» акциясына аянбай үлес қосуда.
Олардың жылы жүректері мен қайырымды қолдарына ауылдастарының алғыстары шексіз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз