Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасын іске асыру аясында «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда.


Ағымдағы жылдың, 5 қазан күні «Менің бастамам - менің Отаныма» шығармашылық жобалардың республикалық байқауының облыстық іріктеу туры өткізілді. Аталмыш байқаудың мақсаты, дарынды балаларды анықтау және қолдауға бағытталған балалар және жастардың бастамасын дамытуға көмектесу. Байқау төрт аталым бойынша өткізілді. Олар: «Жылуыңмен бөліс», «Туған қалама - мейірімді істер», «Мен - Қазақстан азаматымын», «Медиа жобалар».
«Мен - Қазақстан азаматымын» тақырыбында біздің ауданымыздың атынан Балалар өнер мектебінің оқушылары Әділбекова Назира, Гусейнова Ясмин – ІІІ-жүлделі орынға ие болды. Жас өнерпаздарды жобаға дайындап, олардың табысқа қол жеткізуі жолында жетекшісі Ш.С.Таныбаеваның еңбегі зор. Жоба барысында оқушылар біздің ауданда туратын барлық ұлттар туралы мәлімет жинап, диаграмма жасап ,алған сұхбаттарын жеткізе білді.

Балалар өнер мектебінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз