Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

1. «Преображенка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің директоры. ШҚО, Көкпекті ауданы, Преображенка ауылы.
2. «Казнаковка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің директоры. ШҚО, Көкпекті ауданы, Құлынжон ауылы.
Негізгі қызметі: Білім алушылардың негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін және қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басқарушылық қызметте кемінде 1 жыл болуы тиіс.


Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республика-сының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Респуб-ликасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қыз-метіне ықпал етеді. Білім беру құқы-ғына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбие-ленушілерді әлеуметтік қорғауды қам-тамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбие-ленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қыз-метшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Лауазымдық ақы 80 000 – 92 000 теңге көлемінде.
Конкурс мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау ережесі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 наурызда № 7495 тіркелді) негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерде болуы керек:
1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша);
2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;
4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;
5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;
6) сотталмаған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат ұсыну керек:
1) конкурс комиссиясы төрағасының атына тіркелген жері, тұратын нақты орны, байланыс телефоны көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
4) еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) кадр есебі бойынша фотасы бар жеке парақты;
6) жазалар мен көтермелеулер көрсетілген бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санатын немесе оқу дәрежесін иеленуі туралы құжаттар көшірмесі;
8) медициналық куәландырудан өту туралы құжат;
9) соттылығының болмауы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттар нотариалды түрде немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.
Конкурсқа қатысушы кандидат Комиссияның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзіндік педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, мадақтаулар туралы құжаттамамен расталған кез-келген ақпараттарды ұсынады.
Конкурсты өткізу орны: Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 46.
Құжаттар конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында («Новая жизнь», «Жұлдыз» газеттерінде) хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 071000 Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 46, Көкпекті ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, байланыс телефоны: (72348) 30-063, 30-143 электрондық мекенжай: <This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.>, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Аталған құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз