Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

 Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру шеңберінде отандық білімнің бәсекеге қабі-леттігін дамытуда «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойына оқу» қажеттілігін түсінуге көшуге бағдарланған мектептік білім беруді түбегейлі жаңарту бүгінгі күннің басты қажеттілігі. Білім мазмұнын жаңарту – бұл оқыту әдістерін, бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қайта қарау. Енгізудің нәтижесі тұлғаның дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Аудандық білім беру, дене шы-нықтыру және спорт бөлімі басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафиновамен осы тақырып төңірегінде болған сұхбатты тұрғындар назарына ұсынамыз.
- Құрметті Шолпан Нұрғазықызы, білім мазмұнын жаңарту еліміздегі білім сапасын арттырумен қоса, тағы қандай мақсатты көздейді?
- «Білім туралы» ҚР Заңына 09.04.2016 жылғы № 501-V ЗРК өзгертулер мен толықтырулар, 01.01.2017ж. күшіне енді. Қазақстанның неғұрлым бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етеді, білім мазмұнын жаңарту процесінің ұлттық аспектісін осыдан көруге болады.


Жаңа стандарт құзыреттілік тәсілге негізделген: дәстүрлі мектепте болған міндетті меңгеруді талап ететін материалдың белгілі мөлшеріне емес, күтілетін нәтижеге құрылған. Ең бастысы, бұл білім алушының қабылдауын өзгертеді, қазіргі заманауи мектептерде, өкінішке орай, басым болып тұрған авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа көшуді талап етеді. Оқыту мақсаты білім алушыға да, мұғалімге де ортақ болуы тиіс.
- Білім мазмұнын жаңарту аясында қорытынды аттестаттау форматымен Ұлттық бірыңғай тестілеу де өзгерді. Сол туралы түсіндіріп берсеңіз?
- Мемлекеттік бітіру емтиханы мектептерде өткізіледі. Емтихан – орта білім курсын бітіргені туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Бұл- тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, оларды меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.
Емтихандық материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №393 бұйрығымен бекітілген қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптардың қолданыстағы оқу бағдарламаларына негізделеді. Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы бұйрықтарымен (2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы) бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылатын болады.
- Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы қалай ұйымдастырылады?
- Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық-талғандай, тестілеуді қолдану шеңбері кеңейтілетін болады: тестілеу барысында әрі қарай оқуға қабілетін анықтау, логикалық ойлау деңгейі, ағылшын тілін білу деңгейі, базалық біліктілігі (функционалдық сауаттылық) анықталатын болады. Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің Типтік ережесіне сәйкес, жалпы орта білімнің жалпыбілім оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан тапсыратын болады. Оның біреуі таңдау бойынша. 11(12) сыныпты бітірушілердің қорытынды аттестаттауы мынадай түрлерде өткізіледі: 1) ана тілі мен әдебиет (оқу тілі) бойынша эссе түрінде өткізілетін жазбаша емтихан; 2) «Алгебра және анализ бас-тамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан; 3) Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан; 4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі мектептерде қазақ тілі бойынша, қазақ тіліндегі мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу; 5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, әлем тарихы, әдебиеті, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).
Емтихандарды өткізу формалары білім ордаларында нақтырақ түсіндірілетін болады.
- Сұхбатыңызға рахмет!

Бақыт МҮЛІКОВА

 

 

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз