Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Спорт – денсаулық кепілі», - деген аталы сөзді ұрандатып, халықаралық деңгейде өткелі отырған «Универсиада - 2017» ойындарын Көкпекті орта мектебі дүбірлетіп қарсы алды. Спорттың 12 түрінен 50 елдің өкілі қатысатын алып додада ел спортшыларына қолдау көрсету мақсатында 28 қаңтар күні Көкпекті орта мектебінде «Қош келдің, Универсиада!» фестивалі болып өтті.


Фестивальдің бағдарламасы бойынша барлық сыныптарда ашық сынып сағаттары өткізіліп, спорттық ойындармен жалғасын тапты. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ф.Әділханова, Р.Жүнісов, Е.Баяхметовтың ұйымдастыруымен бастауыш және орта буын оқушыларымен далада көңілді эстафеталық ойындар өткізілді. Оқушылар шанамен, шаңғымен жарысып, өз мүмкіндіктерін сынаса, С.Серікпаев 7-8 сыныптар арасында футбол ойынынан жарыс өткізіп, фестиваль көркін қыздыра түсті. Бақ сынаған төрт сынып арасынан 7 «Б» сынып оқушылары басым түсіп, І-орынды иеленді.
Сондай-ақ, 9-11 сыныптар және ұстаздар арасында шаңғы тебуден дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ч.Шалбаев ұйымдастырған жарыс өте тартымды өтті. Әр сыныптан қатысқан оқушылар асқан белсенділік танытып, намысты қолдан бермеді. Шаңғы жарысында басым түскен оқушылар: А.Бурыгин,Т.Юсупов, Н.Базаев, Л.Галиева,М.Казанцева
Шаңғы жарысына мектеп әкімшілігінен бастап барлық ұжым мүшелері белсене қатысты. Өз күштерін сынаған ұстаздар қауымы да жүлдеден құр алақан болған жоқ. Алдағы уақытта шаңғы жарысынан ұстаздар арасында үлкен жарыс ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Құрметті ағайын! Ел мәртебесі сынға түсетін дүбірлі додада отандастарымызға сәттілік тілейік! Алға Қазақстан!

Х.Мұқатаева, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары, Көкпекті орта мектебі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз