Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

9 қыркүйек күні Ж.Шай-жүнісов атындағы орта мектепте отбасы күні қар-саңында «1 сынып оқу-шыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында кеңейтілген конференция өтті.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік бел-гілер осында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.
Аталмыш конференцияның мақсаты, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілікті дамыту. Олар үшін басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам болып саналады.


Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасы бірінші орынбасары Г.Ақшабаева, аудандық білім және денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Р.Жұмақанова, Көкпекті аудандық педагогика-психологиялық түзету кабинетінің психологі Р.Тлеукенова және «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бас есепшісі А.Әңкебаева қатысты.
Тәрбиелік іс-шараның шымылдығын ашқан мектептің 4 сынып оқушылары Ақмарал Ас-қамбаева және Нұрасыл Баяхметтің орындауында «Анажаным» әні болды. Сонымен қатар, конференцияда бірінші сөз кезегін алған мектеп директоры Қажет Жүнісбекұлы былай деді:
- Отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый-ластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі, - деп, мерекелік лебізін білдірді.
Конференция қонақтарының құттықтау сөз-дерінен кейін мектеп психологы Ә.Сабирова «Сіз бірінші сынып оқушысының ата-анасысыз» атты тренинг өткізсе, психолог Қ.Дюсембаева «Сіздің балаңыз бірінші сынып оқушысы» тақырыбында баяндама оқып, «Ата-ананың бала алдындағы міндеті», «Ата-ана махаббаты», «Тәрбие қайдан басталады» деген бейнероликтер көрсетті.
Жиын соңында ата-аналарға сауалнамалар мен жадынамалар таратылып жауаптар алынды. Ата-аналар жылы лебіздерін, тілектерін білдіріп, естелік фотосуретке түсті.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз