Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаз өтіп, күз келді. Күздің алғашқы күні біздің еліміздің түкпір-түкпіріндегі сандаған мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, оқушылардың жаңа оқу жылының басталуымен сәйкес келеді. Бұл жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бұзылмай, біздің ата-аналарымыз, өзіміз де осы күнді асыға, ерекше толқыныспен күтетініміз жасырын емес.
Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің табалдырығын алғаш рет аттаған 40-тан астам баланың көзіндегі қуаныш пен айналаға қараған таңданысы салтанаттты жиын өткенше тарқамады. Оларға бәрі қызық, бәрі таңсық. Бүгінгі күні оларға Елбасының атынан берілген «Менің Отаным» атты сыйлық кітап өмір бойғы естелік болады. Олар алғашқы сабақтарын да «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында өткізеді. Даярлық тобына келген қырық бала оларға қызыға да, қызғана да қарап тұрды. «Келесі жылы біз де сендердей боламыз», - деген ой олардың саналарында тұрғаны анық. Ал 11 сыныпқа келген 16 оқушы алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өту үшін қазірден бастап дайындыққа кіріседі. Биыл олардың арасында екі оқушы «Алтын белгіге» үміткер.


Салтанатты сап түзеуде ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мұстафинова, мектеп директоры Ж.Бақыраева, ата-аналар атынан Тұрсын Елиман, 11 сыныптың оқу озаты Қ.Мәжібаева құттықтады. Ал мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер барша жиналған қауымға өздерінің жаттағын тақпақтарын айтып құттықтады. Шолпан Нұрғазықызы Ж.Болғанбаев атындағы орта мектептің биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша жақсы жетістікке жетіп, аудан мектептері арасында бірінші орын алғанын атап өтті. Оқу бітірген түлектердің төртеуі жоғарғы оқу орнына білім грантын жеңіп алған, ал жеті оқушы колледж грантына ие болды. Он алты түлектің қалғандары да ақылы болса да оқу орнына түскен.
Биылғы оқу жылында жалғасын тапқан «Мектепке жол» акциясы бойынша Самар ауылдық округі бес оқушыға сөмке мен басқа да сыйлықтар сыйлады. Жалпы «Болашақты бірге бастаймыз» ұранымен өтіп жатқан акция аясында мектептегі 82 оқушыға материалдық көмек көрсетілген.
Былтыр ғана жабылу алдында тұрған Бас-тауыш мектептің алғашқы қоңырау салтанаты өткеніне барлығы да қуанышты. Биыл мұнда мектеп партасына 185 оқушы отырады. Бірінші сыныпқа келген 33 оқушыға білім атты айдында еркін жүзуді тілеген барша қауым олардың Президент Н.Назарбаевтың атынан сыйлық алғандарын зор қуанышпен қабылдады. «Бұл олардың мектеп қабырғасындағы ең алғашқы сыйлықтары және ол зор жауапкершілік артып қана қоймай, патриоттық сезімдерінің биік болуына жол ашады», - дейді ата-аналар мен ұстаздары.
№1 Самар орта мектебіне алғашқы қоңырау салтанатына жиналған ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары, қонақтар мектептің жаңа келбетін көріп көңіл күйлері асып-тасты. Жаңа оқу жылымен мектеп ұжымын, ата-аналарды және оқушыларды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары К.Смайлова, мектеп директоры В.Кутателадзе және мектепте жөндеу жұмысын жүргізген «Ашим-С» ЖШС басшысы Т.Сағатов құрылысшыларға қысқа мерзімде ауқымды жұмысты сапалы түрде аяқтағандары үшін алғыс айтты.
Бүгін мектеп табалдырығын 180-нен астам оқушы аттап отыр. Былтырғы оқу жылын аяқтаған оқушылардың үшеуі жоғарғы оқу орнына, 11-і колледжде білімдерін жалғастыратын болады. Оқушылар жаздай жинаған күш-қуаттарымен жаңа оқу жылына белсене кірісіп, 2015-2016 оқу жылын сәтті аяқтауды алдыларына мақсат етіп отыр.
Биылғы оқу жылын «Дәншік» балабақшасы да жақсы жаңалықпен қарсы алып отыр. Мұнда екі топ жаңадан ашылды. Бұл топтардың ерекшелігі – ондағы тәрбиеленген балалар бірден бірінші сыныпқа барады, өйткені топ «мектепалды даярлық тобы» болып саналады. Мектептегі даярлық тобынан айырмашылығы балабақшадағылар түстен кейін де осында қалады. Түске дейін мектеп бағдарламасы бойынша оқыса, түстен кейін ойын-логикалық сабақтар өтеді. Балабақшада да алғашқы қоңырау салтанаты өтіп, кішкентай оқушылар үшін қоңырау соғылды. Сәт сапар, балалар!
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз