Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

27 қаңтарда аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Шұғылбай, Қ.Аухадиев, Үлкенбөкен ауылдық округтері әкімдерінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы халыққа онлайн-режимде есеп беру кездесуі өтті. Олардың басты тақырыптары- өткен жылғы жұмыстарды қорытындылау және тұрғындарды мазалаған мәселелерге жауап беру.
Биылғы жылы коронавирус індетіне байланысты барлығына таныс форматтың орнына кездесулер әлеуметтік желілер мен Zoom бағдарламасын қолдана отырып онлайн режимінде өткізілді.
Кездесулердің барысын Instagram желісіндегі "Tolagainews" ақпараттық порталының ресми парақшасында және Zoom сервисі арқылы(арнайы құрылған конференцияның қатысушысы бола отырып) бақылауға болады. Әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Эфирге қосылуға мүмкіндігі жоқ тұрғындар арнайы қойылған қораптар арқылы жазбаша түрде сұрақтарын жолдады.
ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ


Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Ержан Күзембаев өткізген тікелей эфирі барысында тұрғындарды мазалаған ауыз су мәселесі қозғалды. Ауыл әкімі бұл сұрақ төңірегінде ауыз су мәселесінің жобалау-сметалық құжаттамасы 485 млн. теңгеге әзірленіп сәулет,қала құрылыс және құрылыс бөліміне өткізілгенін жеткізді. Жоспар бойынша 2022 жылы ауылға ауыз су тартылатынын алға тартты.
Тікелей эфирдегі қойылған Теректі - Шұғылбай арасындағы жол мәселесі туралы аудандық маңызы бар жол. Бұл біздің құзыретімізде емес. Аудан әкімі де осы мәселені көтерген болатын. Келешекте бұл жол жөнделетін болады.
Сонымен қатар ауылдық округтегі клубқа жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі деген сұраққа ауданнан қаражат бөлінсе, міндетті түрде жөндеу жұмыстары жүргіземін деген жауап қайтарды.
Онлайн режимдегі есеп беру кездесуде Мелитополь ауылының тұрғындары тарапынан сауалдар келіп түсті. Бұл көпір салу, жол жөндеу, медбикенің жетіспеушілігі туралы мәселелер қозғалды. Ауылда 1 медбике қызмет көрсетеді. Бұл халық санына байланысты екенін айтты. Себебі 463 адам болғандықтан, 0,75 ставкіде жұмыс жасайды, медбике алу - шешімі жоқ мәселе.
Футбол алаңына жасанды көгалдандыру салынады ма деген сұрақ болды. Осы көгалдандыру туралы аудандық экономика бөліміне ұсыныс береміз. Аудан әкімі қолдау білдіріп,қаржы бөлген жағдайда жасанды көгалдандыру салынады. Болмаса демеуші іздеп күз мезгіліне дейін жасап беретінін жеткізді.

ЖОСПАРЛАР ІСКЕ АСАДЫ
Бұдан әрі байланысқа Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі әкімі Ерлан Ниязбаев шықты. Халыққа түсінікті болуы үшін тікелей эфирде екі тілде есеп берді.
Бастапқыда Ерлан Қизатоллаұлы округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілері туралы айтты. Осыдан кейін жергілікті тұрғындардың сауалдарына белсенді жауап берді(және эфирге шамамен 70 адам қатысты). Преображенка ауылының атын қазақша атауға өзгерту, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қандай мамандарға бос орындар бар, ауыл жастары үшін қандай бағдарламалар ұсынылған, жергілікті салықтан түскен түсім қайда жұмсалады деген сауалдар қойылды.
Преображенка ауылының атын қазақша атауға өзгерту туралы сауалға Ерлан Қизатоллаұлы: бұл мәселе оның тікелей бақылауында екенін атап өтті. Алайда, пандемия әлі де округ тұрғындарын жинап, атауын өзгертуге мүмкіндік бермейді. Бұл процесте әр тұрғынның пікірі маңызды.
Үкілі қыз ауылына көше жарығын орнату туралы сұрақ қойылды.
- Бұл - өте жақсы сұрақ. Бұрын ол бізде болған, бірақ қазір ескірді. Бағандардың берік орнатылуы жергілікті тұрғындарға қауіпсіз болуы қажет. Сондықтан ол жұмыстар 2021 жылғы жоспарда бар. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, - деп жауап берді округ әкімі.
Тұрғындар мал жайылымдарын ұйымдастыруға жа-уапты тұлғаның болуы және олардың жетіспеушілігі туралы мәселені де қозғады. Ерлан Қизатоллаұлы мал жаю орындары жеткіліксіз екенін айтты. Алайда, ол өткен жылы жоспарды бекітіп, мал иелері арасында жайылым аумақтарын бөлді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Сұрақтардан басқа тікелей эфирде округ басшысының атына оның әріптестері мен жергілікті тұрғындарынан жылы сөздер мен алғыстар айтылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасыларға қамқорлық көрсеткені үшін алғыс түсті. Округ ардагерлер кеңесінің атынан адал еңбегі мен сапалы жұмысы үшін әкім Таисия Васильевна Шнайдерге алғыс айтты. "Өрнек" жеке меншік балабақшасы да өз алғысын білдірді. Аудандық денешынықтыру сауықтыру кешені директоры Аслан Танысбаев әкімге қолдау білдіріп, округ жастарымен бірге волейболдан жолдастық кездесуге шақырды. Шақырту қабылданды.
Округ тұрғыны болашақ жобаларды жүзеге асыру жоспарларын сұрады. Ауылдық округ әкімі ағымдағы жылы көше жарығын орнатуға, мәдениет үйін жылытуға, ЖСҚ дайын екенін айтып өтті. Сонымен қатар, округке жаңа мал қорымы қажет. Сондай-ақ, балалар ойын және спорт алаңдарының санын арттыру жоспарлануда. Бұл-қаржыландыруға байланысты кезең-кезеңмен жүргізілетін жұмыс.
Келесі сұрақ "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша округтегі бос мамандықтар туралы болды ?
Эфир көрермендерін де округтегі су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қызықтырды.
- Округ аумағы бойынша Тәлменке өзені ағып өтеді. Сонымен қатар, ауылға еріген су ағатын орындар бар. Өткен жылы Преображенка көліне бөгет қойылған жоқ. Көктемде комхоз бен "Өрнек" ЖШС шақырдық, қиыршық тас салынған қаптарды әкеліп, бөгетті жабу үшін көлге апаратын жолдың 7 шақырымын тазарттық. Осыдан кейін оны инертті материалмен нығайту жүргізілді. "Өрнек" ЖШС-мен және қажет болған жағдайда техникамен көмектесетін басқа да шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалды. "Су тасқынына қарсы барлық стандартты іс - шаралар жүргізілуде", - деді округ әкімі.
Салықтан түскен түсім қар күреу, ауылды абаттандыру, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, электр энергиясының ақысын төлеу үшін жұмсалады, - деп түсіндірді округ әкімі.
Сонымен қатар Ерлан Қизатоллаұлы болашақта атқарылатын жұмыстарымен бөлісті. Кейбір көшелерге жарық шамдарын орнату, спортпен айналысатын жасөспірімдерге workout жасап беру, балалар ойын алаңын орнату болашақта орындалатынын айтып өтті.
Қаладан келген маманға «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бар. Ауылға жұмыс істеп, тұру үшін келген жас маманға көтерме қаражат және тұрғын үй беріледі. Ол үшін мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс істеу керек. Барлық қажет құжаттарды қаржы бөлімі қабылдайды.
Сонымен қатар жеке кәсіп ашуға ниет білдірген жастарға «қайтарымсыз 500 мың» бағдарламасы бар. Одан басқа 6-7 пайызбен несие беріледі. Арнайы оқу оқып, сертификаты бар жастарымыз осы бағдарламаларды пайдалана алады,- деп тікелей эфирді аяқтады.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ
Сәрсенбінің сәтті күніндегі онлайн есеп беру кездесуді Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы Назарханов қорытындылады. Есеп беру баяндамасын оқып, тікелей эфирде ауыл тұрғындарынан жолданған барлық сауалдарға тыңғылықты жауап берді. Мысалы үшін округ әкіміне ауылға арка орнату, Заречная көшесінің 19-үйінің картада болмау себебі, Ақтас ауылының көшелеріне жарық шамдарын орнату, су жүйесін тарту, ауыл жастарына ұсынылатын мүмкіндіктер сияқты мазмұнда сұрақтар қойылды.
Су мәселесінің жобалау-сметалық құжаттамасын аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі дайындады. Барлығы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа жасалып жатыр. Ауылға су тарту жұмысы биылғы жылы жалғасын табады. Жобадағы бос тұрған үйлерге су тартпай, тұрып жатқан үйлерге ғана су тарту мәселесін қадағалаймын. Есеп беру аяқталғаннан кейін, Заречная көшесі 19-үйдің тұрғынымен кездесіп, бұл мәселені қолға алатынын айтты.
Үлкенбөкен ауылының жер сызбасы Кеңес үкіметі тұсында жасалған. Бұрынғы сызба бүгінгі күні бізге қиындық тудыруда. Аудан әкімі жер сызбасын жаңартуға тапсырма берген. Бұл тапсырмамен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі айналысып жатыр.
Ақтас ауылының көшелеріне жарық шамдары қойылды. Бірақ мәселе техникалық құжатқа байланыс-ты болып отыр. Аудан әкіміне 1 млн. 300 мың теңгеге бюджеттік өтінім бердім. Биылғы 2021 жылы жаз айында Ақтас, Жансары ауылдарындағы жарық шамдарын іске қосылатын болады.
Сонымен қатар округке қарасты Ақтас ауылы шағын ауыл болғандықтан, су тарту бағдарламасы қарастырылмаған. Шағын ауылдарға тек блокті-модулдік станция арқылы жүзеге асады. Биылғы жылы Ақтас ауылына блокті-модулдік станциясы арқылы таза ауыз су берілетін болады.
Көпбалалы ана баласының мектепте не себепті тегін тамақтанбауы туралы сауал жолдады. Ауыл әкімі бұл мәселені мектеп директорымен кездесіп, анық- қанығын айтамын деп уәдесін берді.
Ауыл жастары үшін бірінші кезекте 20 жыл жөндеу көрмеген мәдениет үйі іске қосылады. Бұл - біз үшін үлкен қуаныш. Себебі, жастардың жиналатын орны болып табылады. Екіншіден, жастарға арнап футбол алаңын салу биылғы жылғы жоспарға қойылып отыр. Осы бағытта жұмыс атқаратын боламын.
Жазбаша түрде сұрақ келіп түсті: "Неге карантин кезінде тұрғылықты жері бойынша электр энергиясы үшін түбіртектер таратылмайды?» Округ басшысы түбіртектер бойынша электр энергиясы үшін төлем "Қазпошта"АҚ арқылы жүргізілетінін атап өтті. Жергілікті тұрғындардың өздері түбіртектерді үйлерге апармауды, бірақ сол жерде қалдыруды сұрады. Бұл бөлімге келуге, түбіртекті табуға және төлем жасауға мүмкіндік береді. Бірақ егер бұл кейбір азаматтарға сәйкес келмесе, округ әкімі бөлім әкімшілігіне түбіртектерді жеткізуді сұрайды.
Сондай-ақ, ауылдық мәдениет үйі қай уақытта ашылатыны туралы сұрақ қойылды.
- Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ, жұмыстың шамамен 80% - ы аяқталды. Мәдениет үйіне жиһаз сатып алуға қосымша қаражат қажет. Егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, онда мәдениет үйі күз мезгілінде пайдалануға беріледі, - деді округ әкімі.
Ауыл әкімі Үлкенбөкен ауылдық округіне арка қою туралы сұраққа ЖК "Тайммен" келісіп отырмын, егер де бәрі ойдағыдай болатын болса, Үлкенбөкен ауылының Преображенка жақ шетінен келетін жерге биыл арка қойылады. Егер бюджеттен қаражат бөлінетін болса, Көкпекті мен Үлкенбөкен ауылы арасына да арка қойылуы мүмкін. Бұл келесі жылға жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Жансары ауылының көшелеріне жарық қашан орнатылады, су қашан тартылады, клуб үйі қашан салынады деген сұрақтар қойылды.
Жансары ауылында су мәселесі шешілген. Блокті-модулдік станция жұмысы толықтай аяқталды. Тек сорғы істен шыққанан кейін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі соңына дейін жеткізетінін айтты. Ал, көше жарығы туралы мәселе техникалық құжатқа байланысты болып отыр. Аудан әкіміне 1 млн. 300 мың теңгеге бюджеттік өтінім бердім. Биылғы 2021 жылы жаз айында Ақтас, Жансары ауылдарындағы жарық шамдарын іске қосатын боламын.
Аудан әкімі клуб үйін ашу мәселесінен хабардар. Наурыз айында шағын болса да клуб ашуымыз мүмкін. Қазіргі бірінші мәселе осы ауылдағы ескі ғимараттарды клубқа айналдырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу болып отыр. Осы бағытта биылғы жылы жұмыс жасайтынын айтып,-тікелей эфирді қорытындылады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз