Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Новостройка ауылы Сарыбел ауылдық округінің құрамына кіреді. Онда 52 ауласы бар және 110 адам тұрақты тұрады. Осы ауылдың оқушылары Сарыбел ауылының орта мектебінде күн сайын арнайы көлікпен тасымалдау арқылы оқиды. Новостройка ауылында «Ертістранскөмір» кәсіпорнынан жаз мезгілінде баржада қолжетімді бағамен /16 мың теңге/ көмір жеткізілетін айлақ жұмыс істейді.
Мұндай ақпаратты Новостройка ауылының тұрғындары ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде аудан әкімі Серікқазы Құсайынұлы Садуақасовпен кездесуі кезінде айтты.
Кездесу барысында Новостройкалықтар да өздерінің ауылдастары сарыбелдіктер көтерген өзекті мәселелерін айтты. Олардың ішінде, ауылдағы демалыс базаларының ретсіз салынуы, өрт қауіпсіздігін туындатуы мүмкін құрылыс ішіндегі қашықтықтардың сақталмауы, жағалау маңайындағы бос жердің болмауы, демалыс базалары иелерінің су қоймасына өтетін жерлерге өз бетінше қоршаулар орнатуы, ауыл тұрғындары үшін шомылатын орындарының болмауы, қатты тұрмыстық қалдық төгетін орынның, ауылдық клуб үйінің болмауы, ауыл аты жазылған маңдайшасының, жылдамдық шектеулерінің жоқтығы, ұялы байланыстың болмауы, ауылға кіре беріс жолдың жөнделуі сияқты бірқатар мәселелер қозғалды.


Әсіресе, адамдар қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін орынның бірнеше шақырымға ауылға қарай созылып кеткенін, көп ұзамай ауылды жабатындығына алаңдайды. Қатты жел кезінде целлофан пакеттері, тетро пакеттер және басқа да қоқыстар аулаларына ұшады. Бұл нағыз экологиялық апат екенін тұрғындар айтып, шағымдарын жеткізді.
Новостройка ауылының тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлері қоқыс тастайтын жер аумағына бірнеше рет сенбілікке шықты. Бірақ онымен мәселе шешілмейді. Олардың қоқыстарынан басқа, шамалы болса да, жүк машиналары, вагондар, көрші Палатцы ауылдық округінің жағалауларына келетін демалушыларымен толықтырылады және оларға ешкім әсер ете алмайды.
Аудан әкімі халықтың барлық уәждері мен пікірлерін тыңдай келе, олардың назарын кезінде комиссия ауыл ішіндегі құрылыстарға қатысты дұрыс шешім қабылдамағанын айтты.
- Мен сіздердің бәріңіздің туған ауылыңыз үшін «жанашыр» екендеріңізді көріп тұрмын, тұрған жерлеріңіз өте әдемі, табиғаты көркем, су қоймасының жағасында орналасқан. Округтеріңізде, атап айтқанда, ауылда демалыс базаларын салуға арналған барлық жерлер жеке қосалқы шаруашылық ретінде ресімделген. Сарыбел ауылы да осы мәселеге наразы. Ең бастысы, жыл басынан бері жоспарланған іс-шаралардың бас жоспары бойынша жұмыс істеу керек болды. Ауылдық округ әкімі тұрғындар үшін суға шомылу орындарын, мал жайылымы аумағын белгілеуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына орын бөліп, олардың маңайын қоршаңыз, оның аумағына бір жерден кіре беріс орнатыңыз, тәртіп бұзған адамдамды әкімшілік жауапкершілікке тартыңыз. Жылдың басынан ауылды дамыту, көгалдандыру, көріктендіру шараларына, жолдарды жөндеу жұмыстарына жүйелі жоспар құру қажет. Орташа немесе ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін әрқайсысына жобалық-сметалық құжаттама бөлек жасалуы керек. Аудан ауылдарына кіре беріс жолдарды жөндеу жобалық сметаға сәйкес келесі жылға арналған ауылды дамыту бағдарламасына енгізіледі, - деп қорытындылады аудан басшысы.
Ауыл тұрғыны Р.Көккөзова жыл сайын аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуінде аудандағы ағаш тірек бағаналарының электр энергиясын пайдалану қауіпсіздігі туралы мәселе көтереді. Уақыт өте келе тозығы жеткен Кемежай ескіріп, қирап жатыр. Желдің шамалы ауытқуы кезінде электр қуаты сөніп, адамдар жарықсыз қалады. Округ әкімі Аслан Тілеуұлының айтуынша, бұл тірек бағаналарды жаңарту және жаңа бағандарға ауыстыру үшін ШҚ АЭК балансынан ауданның ТҮКШ бөліміне беру жөніндегі құжаттар заңды түрде ресімделмеген.
Осыған байланысты аудан әкімі округ әкімі А.Жапарқұловқа аталған нысанның жеріне мемлекеттік акт және басқа да заңды құжаттарды ресімдеуді тапсырды. Жер қатынастары бөліміне Новостройка ауылындағы жерлерге мораторий жариялауды тапсырды.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз