Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Көкпекті, Самар және Құлынжон ауылдарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
Дезинфекцияны Көкпекті ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімі жүргізді. Самар ауылдық округі әкімінің аппараты ұсынған ақпарат бойынша, Самар ауылындағы орталық көшелерде – Самарға 100 жыл, Астана, Горохов, Букетов, Бакраев көшелерінде, айналма жол және Орталық базар маңында, Мемлекеттік мекемелердің жанында, Абай алаңында, Жеңіс саябағы мен жауынгер-интернационалистер паркінде дезинфекция өткізілді.


Көкпекті және Құлынжон ауылдарында бас көшелер мен қоғамдық орындар дезинфекцияланды.
Біз ауданның барлық тұрғындарына коронавирусты тез арада жеңу үшін санитарлық шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы еске саламыз!

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз