Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бастаушы ауылдық округіндегі 1 маусым Балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік іс-шара өткізілді. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке округ әкімшілігі ғимаратының алаңында өтті. Ауыл әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шарада бүлдіршіндер ән айтып, өлеңдерін оқып өз өнерлерінін ортаға салды. Мерекеде балалар қызықты ойындар ойнады.


Округ әкімі Айнұр Баянғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға ізгі тілегін білдірді.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында балаларға мерекелік дастархан жайылып, тәтті торт пен шырын үлестірілді. Шара соңынан мереке иелері келген қонақтармен бірге естелік суретке түсті. Ауылдық округ әкімшілігі мерекенің өтуіне демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкерлер К.Ракишева, С.Мұстафина., Д.Ақылбаева, Л.Маткаримова, С.Оспанова, А.Маткаримоваға және әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Кангуловаға, «Қалисатарұлы» ШҚ басшысы С.Жотабаевқа өз алғыстарын білдіреді.


Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз