Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауылдық округі әкімшілігі көктемнің алғашқы мерекесі «1 нау-рыз- Алғыс айту күні» мерекесіне орай 85-90 жас аралығындағы ауылға еңбектері сіңген қарт аналарды мерекелерімен құттықтап, алғысын білдіріп сыйлықтар табыс-тады. Қарттар көздеріне жас алып, ауыл әкіміне ризашылығын білдірді.

Ауылдық округ
ақпараты

Қ.АУХАДИЕВ АТЫНДАҒЫ ОКРУГ

АЛАШ АРЫСЫ АРДАҚТАЛДЫ

Жүсiпбек Аймауытовтың сан қырының бір саласы - драматургия. Қазақтың ұлттық театр өнерiнiң де негізін салушылардың бірі әрі өзі жазған пьесаларына режиссерлік жасап, сахналауға даярлаған, театр сахнасында ойын көрсеткен де Жүсіпбек. Биыл қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын, драматург әрі жазушы, қоғам қайраткерінің туғанына 130 жыл толып отыр.


Алаш арысының драматург ретіндегі қырын жас ұрпақ санасына сіңіріп, театр өнеріне қызықтыру, өнерлі оқушыларды анықтау және шығармашылыққа баулу, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына орай құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Преображенка ауылының Мәдениет үйінде Преображенка орта мектебінің тіл мұғалімдері аудан мектептері арасында сахналық қойылым сайы-сын ұйымдастырды. Сайысқа А.С.Пушкин атындағы орта мектебі (жетекшісі А.Садықова), Үлкенбөкен мектеп-балабақша кешені (жетекшісі С.Изгуттинов), Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі (жетекшісі Д.Айдарханова), Октябрь мектеп - балабақша кешені (жетекшісі А.Долдина) мен Преображенка орта мектебінің (жетекшісі Д.Ниязбаева ) оқушылары қатысты.
Сахналық қойылымға Көкпекті Балалар өнер мектебінің директоры А.Сүлейменов, айтыскер ақын, Республикалық және Халықаралық айтыстардың жүлдегері әрі жеңімпазы Фархат Маратұлы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Қанапиянова әділ төрелік жасады.
Драматургтің «Шернияз» бен «Мансапқорлар» пьесасы, «Әнші» шығармасынан үзінділер қойылды. Сайыс талабына сай сахна тақырып бойынша декорациялармен жабдықталды. Көрініс арасында Преображенка орта мектебінің өнерпаз ұландары өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша «Мансапқорлар» пьесасын сахналаған Преображенка орта мектебінің оқушылары бас жүлдеге ие болды. Жетекшісінің режиссерлік таланты аталып өтіп, Күләнда рөлін сомдаған 10 «а» сынып оқушысы Сабина Амангельдиеваның өнері жоғары бағаланды. І орын І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушыларына бұйырса, ІІ орын Октябрь атындағы мектеп бала-бақша кешені оқушыларына табыс етілді. ІІІ орынды Үлкенбөкен мектеп бала-бақша кешені мен А.Пушкин атындағы орта мектептері өзара бөлісті. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді.
Жүсіпбек Аймауытовтың драмалық шығармаларын тамашалай отырып, ұлтты сүюдің үлгісін көріп, адамгершілік пен адалдықтың адам өміріндегі ең қасиетті, ешқашан еш нәрсеге айырбастауға болмайтын құндылықтар екеніне көзім жетті. Осындай өткізілген шаралар өскелең ұрпақтың өз жолын дұрыс таңдауына үлесін қосады әрі дарынды оқушыларды анықтауға жол ашады деп есептеймін.


Сымбат Қарпықова,
Преображенка орта мектебінің
10-сынып оқушысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз