Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 ақпанда аудан орталығында шаңғы күніне арналған жарыс болды. Жарысқа әр ауылдық округтен спортшылар қатысты. Ауылымыздың спортшылары қай жарыстан да жүлдесіз қайтпаған. Бұл жарысқа әр жастағы спортшылар қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Олар: І орын Ержан Чеганов, Мария Ақшабаева, ІІ орын Мұрат Сүлейменов, Манарбек Сайлауханұлы, ІІІ орын Серік Ақшабаев, Арғын Қолдашев, Қосылбаев Оралсын, Абай Бұқанов, Бахтықан Изембаева, Әлия Құсаинова. Жалпыкомандалық есепте ІІ орынды женіп алған теректіліктер ауылымыздың даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлері мен жоғарғы дайындықтарын көрсетті. Ауылдық округ әкімі Қайрат Ахметкалиев ауылдастарының болашақта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенімі мол екенін айтып, жеңістерімен құттықтады.

М. Ақшабаева, кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз