Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауында айтылғанындай ауданымызда халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері уақыт өткен сайын көбейіп келеді.
Осыған орай Құлынжон ауылдық округінде әл – ауқаты мен күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету әлі де жалғасуда. Жұмыспен қамту орталығының ассистенті С.Байжуменовадан жаңа форматтағы мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек көрсету бағдарламасы туралы толық мағлұмат алып, осы жобаға қатысу үшін қандай құжаттар қажет екені жайлы мәлімет алдым.


Мемлекет тарапынан күнкөрісі төмен отбасыларына көрсетілетін үлкен қолдау екенін түсініп, ассистенттің көмегімен тез арада қажетті құжаттарымды жинап, тапсырдым. Осындай жобаның ауданымызда жүзеге асырылып жатқанына өте ризамын және қолдаймын.
Р.Құсайынова, Көкжыра ауылы, көп балалы ана

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз