Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Әлемге атқа міну мәдениетін таратқан Ұлы даланың қай баласы болмасын, тұлпар көрсе делебесі қозып шыға келері анық. Осы орайда ауданымызда ат спортының жастар арасында кеңінен қанат жайып келе жатқанын айтуға болады. Оған дәлел, өткен жылдың қазан айында Көкпардан аудандық біріншілік өткізілді. Аталмыш ойында І орынды қанжығасына байлаған Көкжайық жігіттері Көкпар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.


Ақпан айының үшінші жұлдызында қақаған қыстың қатты екпініне қарамай, Көкжайықтың атқа мінген жігіттерінің бастамасымен биылғы жылдың алғашқы додасы өткізілді. Ауыл шетіне жиылған көкпаршылар Қаден ақсақалдың ақ батасын алып, тартысты додаға білек сыбана кірісті. Көкжайық көшелерінде қиқу салған қырық салтатты әп-сәтте аппақ қардың боз-боранын шығарды. Ауыздығымен алысқан арғымақтар танауынан бу бүркіп, бөріктерін баса киген тақымы тастай жігіттер атой салды. Көкпаршы жігіттер Әлібек, Ермек, Серік, Мейірбек, Еркебұландармен қатар, аға буын көкпаршылар Жұмағазы аға мен Нұржан көкеміздің ат үстіндегі өнерлері көкпардың көрігін қыздырды. Білекті жігіттердің ат құлағында ойнаған керемет көріністері ауыл баласының көз алдында тізбектеліп, санасына сіңіп жатты. Көкжайық көкпаршыларының ұлттық спортымыздың дамуына қосар үлестері әлі де зор болмақ.

Ерлан Әзімбаев,
Көкжайык ауылы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз