Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

30 қаңтар күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловтың есеп беру жиыны Мариногорка, Бастаушы және Самар ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуімен жалғасты.

Қорытынды есепке облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Ринат Арыстанбекұлы қатысты. Жиналысқа ауылдық округке сайланған мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, мекемелер мен кәсіпорындарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиналысты аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов ашып, осы жылдың 21 қаңтарынан бастап ауылдық округтердің бәрінде аудан әкімі жылдық есебін өткізгенін жеткізіп, қорытынды есепте аудан әкімі мен округ әкімі Қ.Сурашев баяндама жасайтынын айта келе, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелермен таныстырды.


Мариногорка ауылдық округінің әкімі Қайдар Сурашев 2018 жылы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму және 2019 жылы атқарылатын жұмыстар туралы есепті баяндамасын жасады. Аудан әкімі әдеттегі дәстүрмен алдымен округ тұрғындарына ауданның бүгінгі тынысы мен өткен жылы қол жеткізген табысы туралы баяндады. Сондай-ақ аудан басшысы осы жылы Жұмба негізгі мектебінің алдыңғы қасбетін жөндеу жұмыстарының қолға алынатынына уәде берді. Асхат Сайдахметұлы өткен жылғы жұмыс сапары кезінде округ әкіміне жас отбасылар үшін балалар ойнайтын алаң жасап беруге тапсырма берген болатын. Осы берілген тапсырманың қандай деңгейде орындалғанын сұрады.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған ауыл тұрғыны Ибатулла Кенжинов ауылға жедел-жәрдем көлігінің қажеттігін алға тартты. Бұл сұраққа ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Ерік Файзулдинұлы жауап берді. - 2017 жылы Мариногорка ауылдық округінің жедел-жәрдем көлігі есептен шығарылған болатын. – деді ол. Бұл жөнінде аудан әкімі Асхат Смаилов облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен сөйлесіп, қазірден бастап босаған жедел-жәрдем көлігіне өтінім түсіруге тапсырма берді.
Жарыссөзге шыққан «Нива» шаруа қожалығының басшысы Иван Порохов жол жиегіндегі өсіп кеткен ағаштарды кесу жайлы айта келе, мектептің балалар ойнайтын алаңына құм тасу кезінде орын алған түсініксіз жағдайды айтты.

Аудан әкіміне мал өрісі үшін жайылымдық жердің шабындық мақсатта пайдаланып жүргендігі жөнінде жазбаша сұрақ түсті. - Аталмыш ауылдық округ иелігінде 26 гектар босалқы жер телімі бар. қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыл маңындағы бос жерлер жеке меншіктің иелігіне берілмеуі қажет. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, шешуді аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Қ.Алкеновке жүктеймін. – деді, Асхат Сайдахметұлы.
Сол сияқты ауыл тұрғындары зейнетақы мәселесі және зейнетақы төлеу орталығына қатысты шағымдарын айтты.Кездесуде аудан әкімі А.Смаилов қойылған сауалдардың ескерусіз қалмай, болашақта оң шешімін табатынына уәде етті.
Альмира Қайынбаева, Маринагорка орта мектебінің мұғалімі:
- Мен осы ауылдың тұрғыны ретінде аудан әкімінің ауылдық округтердегі есебінде болдым. Барлық жерде жыл көлемінде атқарған жұмысына халық риза. Әрине, атқарылар жұмыс алда жетерлік, бірақ атқарылған жұмыстарды аз деуге болмайды. «Әр жылдың жүгі басқа». Шешілмей жатқан мәселелер кезең-кезеңімен шешіле жатар. Бүгінгі күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының жыл көлемінде атқарған жұмысына көңілім толады.
Бұдан әрі аудан әкімінің есеп беру кездесуі Бастау-шы ауылдық округінде жалғасты. Округ әкімі Айнұр Отаршинаның баяндамасынан кейін аудан басшысы әкім жұмысының нәтижесі бар деген бағасын берді. Есепті баяндамада үстіміздегі жылы да бұл округ бойынша көптеген игілікті істер жоспарланып отырғаны айтылды. Асхат Сайдахметұлы өз есебінде биыл таза ауыз сумен қамту саласына оның ішінде 8 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу мүмкіндігіне қаржы бөлінетінін айтты. Алдағы уақытта Көкжота ауылының ауыз су мәселесіне де көңіл бөлетінін жеткізді.
Дегенмен Бастаушы мен Көкжотада шешуін күтіп тұрған мәселелер де аз емес. Алғашқы болып сөз кезегін алған ардагер ұстаз, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжанат Қанғұлова ауданда атқарылған игі істерді көре, біле отырып әкімдердің жұмыстарының жанданып жатқанына және бір қорытынды шығып жатқанына қуана отырып, қанағаттанарлық деген баға беруді ұсынды. - «Көкпектіліктер жеріне жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен екен» деген пікірі тарихқа терең үңілуі, аудан халқының өзіне сенім артып отырғанын, елінің болашағын ойлайтындығы көңілге үлкен үлкен ұялатады. Ардагер ұстаз ауылдастарының атынан Көкжота ауылының кіре берісіне арка орнату, Бастаушы ауылындағы білім беру мекемесінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында мектепке күрделі жөндеу жүргізу, Абай көшесінің жарықтандырылуы мен жолы, Көкжота Бастаушы ауылдарының арасындағы тас жолды жөндеу және ауылдағы жарық мәселелерін мүмкіндігінше шешіп беруді сұрады.
Сондай-ақ, есеп беру жиынына қатысушылар арасынан бірнеше тұрғын жайылымдық жерді біреулердің жыртып тастауы туралы, ауылдағы жалпы тәжірибелі дәрігердің шақыртуға келмей, қажет кезде телефонын көтермейтіні қысқасы медицина қызметкерінің жұмысын көңіл толмайтынын айтып, шағымданды.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, талап-тілектерінің қашан, қандай жағдайда орындалатынын айтты. Әкім есебінде биылға қойылған міндеттер қатарынан ағымдағы бюджет аясында неғұрлым өткір мәселелердің шешілуінен бөлек, әлеуметтік серіктестіктен де қаражат тарту есебіне басты назар аударылатынын, ауылдық округтерде мал шаруашылығын және мал басын асылдандыру, бордақылау алаңдарын салу, тұрғындарға сапалы таза ауыз су мәселесінің іске асырылатынын білдік.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз