Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Миролюбовка ауылдық округіндегі есептік кездесулер әрдайым жағымды нотада өтеді, мұның құпиясы миролюбовкалықтардың  келген қонақтарды қуана қарсы алатынына байланысты болса керек. Бұл туралы аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаиловта өз сөзінде айттып өтті. 

Жалпы, округтегі барлық тапсырмалар уақытында және мерзімінде орындалуда. Аудан басшысы ауылдық округ әкімі Серік Тоқтажанұлы Қасымхановтың қызметі туралы оң пікірлерімен бөлісті. Округ әкімі кез-келген жұмысын жергілікті қоғамдық кеңестің мүшелерімен, белсенділерге сүйеніп, олармен жұмыс жоспарларын келісіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып атқаратынын тілге тиек етті.


Асхат Сайдахметұлының қолдауымен фельдшерлік-акушерлік пункт үшін ғимарат сатып алынды. Бұл мәселе көп уақыт бойы күн тәртібінен түспей, ауданның алдыңғы әкімдерінің есеп беру кездесулеріненде шешімін таппағанын атап өту қажет. Міне, аудан әкімінің тұрғындардың әлеуметтік жағдайына бағытталған қаражатының дұрыс бөлінуінің арқасында, миролюбовкалықтардың мәселесі өз шешімін тапты.
- Аудандық атқарушы билік қызметінің басым бағыты - бюджеттік саясат, кірістерді ұлғайту, әлеуметтік салаларға пайдаланылатын шығыс бөлігін үнемдеу, жарғылық капиталды ұлғайту болып табылады, - деп ойын түйіндеді аудан әкімі. - Осының салдарынан біз үнемделген қаражатқа ауданның коммуналдық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайттық. Біздің аудан облыс рейтингісінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 19-шы орында тұр. Қазіргі уақытта ауданның 8 ауылында, оның ішінде Миролюбовка ауылында су құбыры желілерін жүргізу бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Ал, шағын ауылдарда, Раздольное ұңғымалық павильондар ретінде қойылып, онда сүзгілер, су беру үшін бактерицидті қондырғылар орнатылады. Округ әкімі бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды шаруашылықты ашу бойынша жұмыс істеуі тиіс.
Атқарушы биліктің қызметін, округтерде халықпен ашық диалогты жетілдіру үшін аудан әкімі жаңа жылдан бастап өз кураторларын тағайындады. Олар айына бір рет келіп, округ әкімімен, жергілікті қоғамдастықпен, белсенділермен кездесіп олардың істеріне қызығушылық білдіру, ағымдағы мәселелерді шешуде көмек көрсетулері қажет. Миролюбовка ауылдық округіне куратор болып аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов тағайындалды.
Округ әкімі С.Қасымхановтың есеп беру сөзінде мектептің кіре берісіне брусчатка салу, гүлзарларды қою, шырша мен қарағай отырғызу, мектеп пен әкімдік ғимараттарын түнгі жарықтандыру сияқты атқарылған жұмыстар айтылды. Сондай-ақ, округ көшелеріне түнгі жарықтандыру жүргізілді. Округте көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді, олар концерттік бағдарламаларымен көрші Раздольное ауылына және ауданның басқа да ауылдарына барып, тұрғындарды өз өнерімен қуантпақ.
Округтің алдағы атқарылатын жоспарда тұрған жұмыстарының бірі аудан орталығындағы «Бос уақыт орталығы» мекемесінің балансында тұрған Раздольное ауылдық клубының ғимаратын жөндеу жұмыстарын аяқтау, ардагерлердің мәдениет және демалыс саябағын құру, Васильев өткелі жағынан ауылға кіре берісте арка орнату қарастырылған.
Жарыссөзде Миролюбовка ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақпан Телемісов, аудандық мәслихат депутаты Елена Павловна Сихварт, еңбек ардагері Вера Степановна Шипилова сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер аудан әкімі мен округ әкімінің жұмысына жоғары баға беріп, атқарушы билік өкілдері жұмысының ашықтығы мен айқындылығын бір ауыздан атап өтті. «Аудан әкімшілігі мен ауылдық әкімдіктің жұмысы көрінетін мәселелерді шешудің жүйелі тәсілі айтарлықтай нәтиже береді», - деп атап өтті сөз сөйлеушілер.
– Орталық сумен жабдықтауға қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жаңа деңгейге көтеріліп, әйелдердің тұрмыстық қажеттіліктері жеңілдетіледі, - деді Елена Павловна. Ардагерлер ауыл тұрғындары атынан, аға буынға қамқорлық жасап жатқандықтарына алғыстарын білдірді.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз