Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биғаш және Тассай ауылдық округтері тұрғындарын осы мәселелер толғандырады. Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов 22 қаңтар күні Биғаш және Тассай ауылдық округтерінде тұрғындар алдындағы есебін берді. Өткен жылы қос округте де біршама жұмыстар жүзеге асты. Биылғы жылдың еншісіндегі жоспарлар да ауылдардың болашағын жарқын етуге бағытталған.
Бұл кездесулерге маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева, жергілікті полиция қызметінің басшысы Фирхат Мавлютов, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік орган басшылары, маслихат депутаттары, халыққа қызмет көрсететін мекеме және ұйым өкілдері қатысты.


Биғаш ауылдық округінің әкімі Дулат Оспанов өзінің есебінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Ауыл әкімінің есебі бойынша Биғаштағы бұлақтың басын абаттандыру, мектеп спортзалы мен асханасының шатырын ауыстыру, Биғаш - Қарғалы жолына ағымдағы жөндеу жүргізу және Егінбұлақ ауылындағы құдықтың ғимаратын қалпына келтіру сынды біршама шаруалар атқарылған. Биылғы жоспарлары да үлкен. Ауыл әкімі Дулат Оспановтың есебін тындаған аудан басшысы бірлік пен тәртіп болған жерде қай істің де өз деңгейінде атқарылатынын айтты. Ел алдында округ әкімінен тәртіп, тазалық, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін талап етенініне назар аудартты.
Мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуымен, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуімен сипатталған өткен жыл Көкпекті ауданы үшін табысты болды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру және санитарлық тазалау, бiлiм мен денсаулық сақтау сынды көптеген салаларда атқарылған ауқымды істер, мағыналы шаралар мен жиындардың нәтижесі осы есептік кездесуде сараланды.
Аудан әкімінің мазмұнды баяндамасын тындаған тұрғындар өздерін толғандарған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Жеке бас-тан гөрі ортақ мәселелерді алға тартқан биғаштықтар ауылға ұялы телефон байланысының аса қажет екенін бірауыздан айтты. Электр қуатымен жылытылатын мектептің осы бір мәселесін шешіп беруді өтінді. Күнкөрісі төрт түлікке тәуелді Егінбұлақ тұрғындары жер телімін алу мәселесін қозғады.
Асхат Сайдахметұлы биғаштықтардың әрбір арыз-өтініші бақылауға алынып, заң аясында шешімін табатынын айтты. Жер мәселесінде ауылда кәсіп бастап, мал шаруашылығын алға бас-тырам деген бастамашыл жастарды қолдайтынын жасырмады. Биғашқа ұялы байланыс орнатып, таза ауыз су тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды да жеткізді.
Тассай мәдениет үйінде өткен аудан әкімі Асхат Смаиловтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуіне халық өте көп жиналды. Алдымен есеп берген Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мазыбаевтың атқарып отырған жұмысына халықтың көңілі толатыны байқалып тұрды. Негізгі бағыттарға тоқталып, мақсаттарды нақты айқындай білген ауыл әкіміне тұрғындар бір де бір сұрақ та қоймады, тіпті. Бірден аудан әкімінің есебін тындауға көшті.
Асхат Сайдахметұлы ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына және үстіміздегі жылдағы алда тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүйелі жүзеге асуы және негізгі экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалатындығы айтылды. Бюджеттің орындалу жайы, ауыл шаруашылығы, оның ішінде егіншілік пен мал шаруашылығы, жер қатынастары саласындағы жұмыстар жан-жақты қамтылды.
Сөз соңында аудан әкімі үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы саласында атқарылуға тиісті міндеттерге тоқталды. Мал басын асылдандыру, мемлекеттік бағдарламалар беріп отырған мол мүмкіндікті барынша пайдалану, елдің игілігіне жарыту және осы жақсылықтарды халыққа жеткізу – жұмыстың басты бағыты болмақ.
Бұл ауылдың ең өзекті мәселесі - жол. Аудан әкімі Тассай ауы-лына апаратын жолды жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджетке сұраныс жасау жұмыстарын тәмпіштеп түсіндіріп берді. Тағы бір үлкен мәселе ауылда жүзеге асырылған «Ақбұлақ» бағдарламасын толық іске қосу. Ағымдағы жылы әрбір үйге таза ауыз су кіргізіліп, су құбыры толық жұмыс істеу керек деген міндет қойды аудан басшысы.
Сонымен бірге, есептік кездесуде ауыл ішіндегі қоғамдық тәртіпті жолға қою, мектептің ескірген есік-терезесін жаңарту және тағы да басқа мәселелер тілге тиек етілді. Ауыл үлкендері Қуан Түсіпбеков ақсақал мен ардақты ана Сайраш Қалиқызы ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Тассайлықтар атынан ауылда ардагерлер үйі ашылса деген тың ұсыныс та айтылды.
Халық пен билік арасындағы екіжақты келелі кеңеске айналған аудан әкімінің есеп беру кездесулері Құлынжон және Аққала ауылдарында жалғасын табады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз