Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылында орналасқан ШҚО Білім басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының арнайы ерекше режімдегі арнайы мектеп-интернатының ашылуына бір жыл толды. Осы қысқа мерзімде оқу-тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, түрлі бағытта жұмыс атқарылуда. Жаңа жылдық мерекелер өтер-өтпестен арнайы мектеп-интернатының барлық тәрбиеленушілері мен ұжымы жаңа жылды ізгі істерден бастамақ.


2019 жылдың 9 қаңтарында Самар ауылындағы «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» концерттік бағдарламаларын ұсынды. Үлкенге құрмет, мейірім көрсету, қарттарға жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара күтпеген жағымды әсер қалдырды. Тағатсыздана, құшақ жая қарсы алған үлкендер мен орталық ұжымы жас өнерпаздардың өнерлеріне тамсанды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Л.Тойынбаеваның бастамасымен, тәрбиеленушілермен бірге психолог Г.Силыбаева, география пәнінің мұғалімі М. Алдабергенова спорт нұсқаушысы М.Атиев, музыка жетекшісі М.Габдрахманова, тәрбиеші Н.Дюсупова өз өнерлерін көрсетті. Концерт тәрбиеленушілердің «Алға, Қазақстан!» флешмобымен басталып, хорымен жалғасты. Бақтыбек Бауыржан, Уәли Жалғас бірнеше ән орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. «Джамбо» биі мен сайқымазақтардың көрсеткен сиқырлары таң қалдырды. Бағдарламадағы Ш. Қалдаяқовтың, ретро әндерге қарттарымыз вальс билеп, жастық шақтарын естеріне түсірді. Көздеріне жас алып, балаша қуанған қарттарымыз алғыстарын айтып, баталарын берді. Ізгі бас-таманы жалғастыру мақсатында, бірлесе жұмыс атқару, тәжірибе алмасу жоспарда тұр.
Арнайы ерекше режимдегі мектеп-интернаты ұжымы мен тәрбиеленушілері жылы қарсы алып, жайған кең дастархандары үшін «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ұжымы мен әкімшілігіне алғыс білдіреді.
«Шығыс Қазақстан облысының арнайы режимдегі мектеп-интернаты» ұжымы тәрбиеленушілерге жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер алуға демеушілік көмек көрсеткен ауданымыздағы белді кәсіпкерлер В. Виничукқа, А. Бойковқа, Естелік Жадыраға алғыс білдіре отырып, мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасыларына береке тілейді.

Ауылдық округ ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз