Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Күн көтеріле тәттілер толтырған қоржынын арқалаған Аяз-Ата Қарша Қызын қолтықтап ауыл аралап кетті. Бүлдіршіні бар үйдің босағасын аттай бере ақ «Армысыңдар балаларым, тілегенім жыл бойы сендердің денсаулықтарың» деп тақпақтата кірген Аяз ата мен Ақшақарды балдырғандар да, олардың ата-аналары да қуана қарсы алып жатты. Қызықпен байқалама әне міне дегенше бесін ауып қас қарайып кетті. Көшені бойлай құрылған қызылды-жасыл тізбек шамдар көз қуантып жымың-жымың етіседі.
Абыр-сабыр клубқа қарай ағылған жұрттың қарамы барған сайын көбейіп барады. Жаңа-Жыл шыршасы ойын-сауық кеші басталып та кетті.
Ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлының дәстүрлі құттықтауын ардақты әпкеміз Сайраш Қалиқызы қостап ел жұртқа тәңірдің бар жақсылығын арнады. Биылғы Жаңа Жыл Шыршасы мерекесінің бар шығынын көтеріп алған бас демеушіміз, ауылдың сыйлы азаматы, білікті кәсіпкер Болатхан Тойболатұлы Әзімбаев жерлестерін шын ықыласымен құттықтап, ел-жұрттың амандығын тіледі.
Көңілді музыкалар легі «Аяз Ата мен Қарша Қызды қарсы алу рәсімі сондай-ақ, «Доңыз жылына» байланысты құралған жұмбақтар мен түрлі ойындар жеңімпаздарына сыйлық үлестіріп, Аяз Ата қоршаған әлеуметке ақ тілегімен батасын беріп Ақшақар қызын ертіп қайтып кетті. Көңілді думан қызықты сауық кешінің соңына қарай «Қазылар алқасы» ортаға көтеріліп мерекелік маскарадшыларға ретіне қарай бағалы сыйлықтар тарту етті.
Бас жүлде электрогазплита, I орынға кір жуғыш машина, ІІ орынға екеу, ІІІ орынға үштен бағалы сыйлықтар қойылып, қалған яғни, барлығы отыздан астам маскарадшы-сауықшыларға сыйлықтарды тең бөліп берді. Шу ете қалысты. Сағат тілі түнгі он екіге таяп қалыпты. Қалың нөпір ошағына қарай асыға ағылды.
Бір айта кететіні біздің ауылда қалыптасқан дәстүр яғни, өткен Жаңа Жыл мерекесін майталман кәсіпкер Қайрат Мұқанов та жоғары деңгейде өткізіп, алдағы «Доңыз» жылында ойын сауықты өткізудің эстафетасын осы Болатхан Әзімбаевқа құрметпен табыс еткен еді. Ақ ниетті көңілді ілтипатпен қабылдаған ер көңіл бауырымыз Болатхан мойнына алған міндетін жауапкершілікпен атқарып, өз кезегінде келер жылғы жаңа жылдық сауықтың бас демеушісі құрметін өзінің замандасы, Тассайдың бірегей азаматы, кәсібін дөңгелентіп отырған іскер жігіт Сәлім Кеңесұлы Бекхожинға аманат етті. Сәкең ұсынысты қуана қабылдады. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді», - дегені осы шығар бабалардың.
Жаңа жыл ырысты болсын! Ырысы жұртқа жұғысты болсын!

Катрен Байжұманов,
клуб меңгерушісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз