Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы (бағдарламасы) негізінде «Октябрь мектеп-балабақша кешенінде» аудандық «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Бұл байқаудың өткізілу мақсаты сан жылдар бойы атадан-балаға мирас болып келген інжу- маржандарымыз, халық әндері мен халық жүрегінен орын алған, қазақтың маңдайалды сазгерлердің әндерін насихаттау болды.


Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі шектелмеді және ән жанды дауыста айтылды. Аудан бойынша 7 мектептен 10 жұп қатысты. Әділ қазылар алқасы музыканың сапалы деңгейде өңделуін, сахна мәдениеті, шығарманы мазмұнына сай жеткізуі және киім үлгісі бойынша бағалады.
10 жұптың ішінде жоғары деңгейде дайындалып келген «Преображенка орта мектебінің» 5 «а» сынып оқушылары Айдын Гүлім мен Айдын Айым бас жүлдені иеленді.
Әнші қыздарымыз қараша айында Құлынжон ауылдық клубында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен жас әншілердің «Менің елім» атты аудандық патриоттық әндер байқауында да бас жүлдені иеленген болатын. Өнерлі егіз қыздардың ата-анасы Айдын Хумырбек пен Амангүл Серікбаева олардың жетістіктеріне риза болды. Олар осы қос құлындарының Алла тіл-көзден сақтап, болашақта тек қана үлкен сахналардан көрсек деп тілек тіледі.

Амангүл Серікбаева,
Преображенка ауылдық клубының көркемдік жетекшісі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз