Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Мариногорка ауылдық округінде Астана қаласының 20 жылдығына арнап әкімшілік алдындағы тас жолға сурет салудан кішкентай бүлдіршіндер арасында іс шара өтті. Іс шарада кішкентай бүлдіршіндер әсем қала Астананың көрікті жерлерін әкімшіліктің алдындағы тас жолға бейнелеп салды. Іс шараның мақсаты:

Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру. Астана туралы деректермен білімін дамыту, оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу. Балалар «Астана 20 жыл», «Қазақстан» деп жазып, бәйтеректің, гүлдердің, туымыздың суреттерін салып, тамашалаушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Қатысқан барлық кішкентай бүлдіршіндерге мадақтама қағазымен тәтілер таратылды. Өткізілген іс шара демеушілік көрсеткен «Искра», «Кондрасенко» шаруа қожалықтарына алғысымызды білдіреміз.


Мариногорка ауылдық округі ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз