Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Астана күні Маринагорка ауылдық округінде белгіленген жоспарға сәйкес «Ел жүрегі, Астана!» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Салтанатты іс шара Әнұранмен және округ әкімі Қ.Сурашевтің құттықтау сөзімен ашылды. Мерекелік бағдарламада көркем қаламыз Астанаға арналған өлеңдер, әндер көптеп шырқалды. Мектеп оқушылары тақырыпқа сай өлеңдер оқыды «Кемпірқосақ», «Алға Қазақстан» билері есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Мектеп, әкімшілік қызметкерлері және мәдениет үйі меңгерушісінен құралған вокал «Мәңгілік ел», «Кең дала» әндерін нақышына келтіріп орындады. Ауыл тұрғындары Зейнеп Айдархан, Эвелина Ратыч, Анна Лебедева «Мереке», «Астана», «Если друг смеется» әндерді көрермендерге тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ауыл жастары мен кішкентай бүлдіршіндеріміз «Қазақстан» атты «флешмоб» билеп, мерекенің сәнін кіргізді. Мерекелік концерт ары қарай «Әсем қала, арман қала – Астана» атты отбасылық көңілді старт ойындарымен жалғасын тапты.
Қатысқан топтарға естелік сыйлықтар мен мадақтама қағаздары берілді

Мариногорка ауылдық округінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз