Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың, 25 мамыр күні Теректі ауылында мектепті 15-20 жыл бұрын бітірген түлектері мектебімен және ең алғаш қалам ұстатқан аяулы ұстаздарымен кездесуге келген болатын.
Қ.Аухадиев атындағы орта мектепті 15 жыл бұрын бітірген түлектер ұстаздарын құттықтап мектепке және ұстаздарына арнайы дайындап әкелген сыйлықтарын сыйласа, 20 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектер ауыл бүлдіршіндеріне арнап балалар алаңын салып береміз деп уәде беріп кеткен болатын. Міне, бүгін сол уәденің орындалатын күні де жеткен сияқты.


21 маусым күні Теректі ауылында бүлдір-шіндерге арналған алаңның ашылу салтанаты өтті. Алаңның ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, жергілікті маслихат депутаты, ата-аналар, ұжым қызметкерлері , ауыл тұрғындары қатысты. Алаңда әткеншектер, турниктер, әртүрлі ойын құралдары орналастырылған. Мектепке дейінгі жастағы және бастаушы сынып оқушыларының пайдалануына өте қолайлы. Қ.Аухадиев атындағы орта мектебін 1998 жылы бітірген түлектер алаңның ашылу салтанатына барлығы жиналды. Салтанатты шарада лента кесу рәсімі ауыл ақсақалы Үмітбек Оралов пен ардагер ұстаз Бағдана Маженоваға бұйырды. Халқымыздың сал-дәстүрі бойынша Елекенова Шакура апа шашу шашты. Жиналған халыққа ақсақалдар алқасының төрағасы Ә.Багадиев ақ батасын берді. Алаңға жиналған балалардың қуаныштарында шек жоқ, жиналған балаларға балмұздақ таратылды. «Туған жерден қанша алыстап кетсеңде, керек-ақ қой мойныңды бір бұруың» - деп әнші А.Қоразбаев ағамыз жырлайтындай, бұл азаматтар ауылда тұрса да, ауылдан алыс кетсе де өскен ұясын, туған жерін ұмытпай осындай игі істер атқарып жатқандарына халық ризашылықтарын білдіріп жатыр. Жасаған істері келесі ұрпаққа үлгі болатынына сенеміз. Осындай істер жалғасын тауып жатса нұр үстіне-нұр болар еді.

Теректі ауылдық әкімдігінің ақпараты

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз