Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптада аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов жұмыс бабымен Көкжайық және Үлгілімалшы ауылдық округіне қарасты шағын ауылдарында болып тұрғындардың әлеуметтік-мәдени жағдайларын көріп танысты.

Сапар барысында аудандық маслихаттың хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов бірге жүріп, Ақой, Қарамойыл, Мамай, Нұра, Сүлеймен ауылдарының мектептері мен мәдени ошақтарын, шаруақожалықтарын аралады.

64 шақты тұрғыны бар Қарамойыл ауылында болған аудан басшысы ең алдымен ат басын білім ордасына тіреді. Оларды Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектептің директоры Айгүл Сыздықова қарсы алып, мектептің жағдайымен таныстырып өтті:

 

-Мектебімізді 2015 жылы атымтай жомарт азаматтарымыздың бірі осы ауылдың тумасы Жұмабек Күшікбаев ағамыз сыйлаған болатын. Қазіргі таңда мектепте 20 бала білім алып, 10 адам еңбек етуде. Балалар мен ұстаздар үшін барлық жағдай жасалған. Жаз мезгіліндегі ағымдағы жөндеу, аббаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізізіп тұрамыз, - деді мектеп директоры.

Мектептің тыныс-тіршілігіне көңілі толған Асхат Сайдахметұлы сыйға берген нәрсенің қадірін біліп, ары қарай мектепті күтіп ұстап, аббаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп тұру керектігін айтты.

Ал, клуб үйінде болып,оның қазіргі жағдайына көңілі толмаған Асхат Сайдахметұлы ауыл әкімі Нұрбек Сыдықовқа бірқатар тапсырмалар берді.

Ақой ауылында аудан басшысын А.С.Пушкин атындағы орта мектептің директоры Ринат Кажиакберов және Қайрат Дюсембаев қарсы алды.

Айнадай жарқыраған мектеп ауласына кірген аудан басшысы бастаған жұмыс тобы, жазғы ағымдағы жөндеу және аббаттандыру жұмыстарымен еңбек майданына айналған істің куәсі болды. Аудан басшысы мектептің акт залы, мультимедия кабинетінде, спорт залда болып мектептің жетістіктерімен танысты.

Сонымен қатар, Ақойлық кәсіпкер Қайрат Дюсембаевтың ауылы үшін жасаған «Жаңа талап» тойханасында болып, жақсылыққа жанашырлық жасап, өркениет көшінен қалыспай ұмтылыс танытуды заңдылық деп қараған Қайрат сынды ауыл ағасына оң бағасын берді. Ішінің салтанаты қаладағы әсем сарайлардан бір де кем түспейтін 350 адамға лайықталған тойхана іскер азаматтың іскерлігін көрсетіп тұр. Сондай-ақ, жақында қолданысқа берілетін медпунктің жұмысы да аяқталып, халық игілігіне ұсынылмақ.

Ал, Мамай ауылындағы Амангелді атындағы орта мектепте болған аудан басшысы мектептің бүгінгі жағдайына разы болмады. Мектеп ауласындағы аббаттандыру жұмысының жоқтығы, жарқыраған білім ордасы емес, құлазыған сахара шөліне айналып кеткен бұл мектепте кемшіліктер жағы көп болды. Аудан басшысы тарапынан айтылған сын-ескертпелердің жауабын жерден іздеген мектеп директоры екі көзін жерден алмады. Амангелді атындағы орта мектепке қатысты барлық олқылықтардың орын толтыру үшін аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы ауыл әкіміне, мектеп директорына қатаң ескерту жасады.

Аудан басшысы Үлгілімалшы ауылдық округіндегі Сүлеймен ауылынан ары бірнеше шақырымда орналасқан ауданның ауылшаруашылық саласына қомақты үлесін қосып отырған «ҚұлМұхЖомАхмет» шаруа қожалығында болды. Қожалықтың жағдайымен Шаруа қожалықтың басшысы Мұхамед Қабидолдановтың інісі Жомарт таныстырып өтті. Шаруашылықтағы техникалар мен қоймалардағы ұқыптылық, аулалардағы аббаттандыру жұмыстары да көзге бірден жылы ұшырайды.

Ата кәсіпті жалғастырып отырған осындай Мұхамед ШҚ аудан басшысы ризалығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аудан әкімінің келесі шағын ауылдарға сапары алдағы күндерде жалғаспақ.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз