Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба аралап, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, ел ауызбiршiлiкте болады.
20 Наурыз күні Самар ауылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» Ұлыстың Ұлы күні кеңінен аталып өтті, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Бұл, көктем мерекесінің биылғы ерекшелігі - Орталыққа арнайы сый-сияпатпен көрші Күршім ауданынан мәртебелі қонақтар келді. Жиналғандар алдында көтеріңкі көңіл күйде сөз сөйлеген Күршім ауданы мешітінің бас имамы Төлеубек қажы:


- Армысыздар, ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер! Алла Тағала береке бірлік пен ынтымақтан айырмасын, ағайын! Барша Күршім ауданы жамағатынан, халқынан үлкен сәлем жолдаймын! Наурыздан наурызға аман-есен жетуге Алла тағала нәсіп етсін!
Самар орталық мешітінің бас имамы Бекболат қажы Кәлебайұлы жиналған қауым алдында ақ батасын берді. Құттықтау тілегін Күршім ауылының ірі кәсіпкері Талғат Исламұлы Ақшағанов Наурыз мерекесіне арнады.
Сонымен қатар, Наурыз мейрамына ән шашу ретінде концерт ұсынылды. Қонақтар мен қызмет алушылар алдында Күршім ауданы 2535 әскери бөлімінің қызметкерлері Қуандық Оралбаев пен Уатқан Дүсіпов тамаша әндерді шырқады. Сондай-ақ, жомарт кәсіпкер Талғат Исламұлы барлық жиналған қауымға дастарқан жайып, ас берді.
Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің бірлігі жасай берсін.Әрбір шаңыраққа қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!


Қанат АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз