Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Екі күн бойы үздіксіз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынының мүмкін болу қаупінің күрделенуін есепке ала отырып, аудан жұртшылығы су тасқынына дайындық жүргізумен болды. Күн жылынғаннан бас-тап Көкпекті ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Қазір облыстағы барлық аудандар осы бағыттағы шаруаларға айрықша назар аударуда.
Жыл сайын көктемгі су тасқынына қарсы шаралар уақытында қолға алынады. Биыл да ауданда арнайы штаб құрылып, су алып кету қаупі бар аймақтарға баса назар аударылып отыр. Округ бойынша төтенше жағдайдың алдын-алу жұмыстары туралы Көкпекті ауданы төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қуаныш Әңкебаев әңгімелеп берді.


- Аудан бойынша қардың қалындығы 15-20 см., жердің қату тереңдігі аудан бойынша 150 см. құрайды. «Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен 2018 жылы 18 қаңтарда келісім- шартымен, сондай-ақ жару жұмыстарымен айналысатын «Востоквзрывпром» ЖШС ұйымымен 2018 жылы 18 қаңтарда келісім-ниет шарттары жасалынды. 2018 жылдың 05-06 наурыз аралығында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу Самар ауылында өткізілді. 10 мың дана қап алынды, 5 мың дана кап ауылдық округ әкімдеріне таратылды. Бүгінгі күнге 10 тонна дизель отыны, 5 тонна АИ-92 бензин алынды. Самар, Көкпекті, Құлынжон, Тассай округтар аумағында инертті материал алатын карьердің орыны белгіленген, баратын жолдар бар. 600 тонна инертті материал дайындалды ДЭУ-29 жол ұйымының территориясында Көкпекті ауылында, Самар ауылында 300 тонна инертті материал дайындалды ДСУ - 14 жол ұйымының территориясында.
Сонымен қатар, Көкпекті ауданының ТЖБ, аудандық ішкі істер бөлімімен, оқу бөлімімен, медициналық, байланыс, энергетика қызметтермен күнделікті ақпарат алмасу ұйымдастырылған. Ақпараттарды күнделікті сағат 7.00-де ШҚО Жұмылдыру дайындығы басқармасына (87232) 26-88-27 жедел кезекшісіне, Көкпекті ауданының аумағындағы жағдай туралы ақпарат ұсынылып отырылады.
Барлық ауылдық округтерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ауылдық округ әкімдері каналдарды, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін, ауыл шаруашылық құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдармен 178 келісім шарттар жасалынды.
Тасқын суды бөгетсіз өткізу үшін: 1) Рес-публикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 9 көпір, 69 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.
2) Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 11 көпір, 163 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.
3) Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 6 көпір, 127 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда.
Аудан бойынша 26 көпір, 359 су өткізгіш құбыр қардан мұздан тазартылуда. Аудандағы жол ұйымдарымен 48 техникаға келісім ниет шартары жасалынды.
Көкпекті ауданда 11 гидротехникалық құрыл-ғылар бар олар: «Ешкі-бай» су қоймасы, «Лайлы» су қоймасы, «Бектемір» суқоймасы, «Қамысты» тоғаны, «Қарғалы» тоғаны, «Черкашин» тоғаны, Көкпекті ауылының су жинағыш тоғаны, «Талменка» тоғаны, «Алтыбай» суқоймасы, «Карпавка» суқоймасы, «Үлкенбөкен» суқоймасы «Шығыс су қоймалары» КМК теңгерімінде.
Көкпекті ауданы бойынша Төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Қ.Әңкебаевтың берген ақпаратына сүйенсек, барлық округ су тасқынына сақадай сай екені тайға таңба басқандай анық айтылған. Ылайым, солай болғай!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз