Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Р.Сағындықовтың тұрғындар алдында кездесуі Қ.Аухадиев және Үлкенбөкен ауылдық округінде жалғасын тапты.
Преображенка ауылындағы есеп беру жиыны ауылдық округ әкімінің м.а. М.Малғаждарованың 2017 жылы округте атқарылған жұмыстар туралы қысқаша ба-яндамасынан басталды. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2018 жылға жоспарланған іс-шаралар есебінен округ әкімі аппаратының барлық салаларында оң нәтижелер байқалады. 2017 жылы жергілікті өзін-өзі басқару бойынша салықтық түсімдер 4 461 597,5 теңгені құрады. Бұл қаражат округтегі атқарылған жұмыстарға, атап айтқанда, көшелерді жарықтандыруға, ауылды көріктендіру, орталық тас жол бойындағы үйлердің қашаларын бояу, қаңғыбас иттер мен мысықтарды атуға, жолдарды қардан тазартуға баннерлер жасауға жұмсалды.

Сонымен қатар, Преображенка орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізіліп, «Өрнек» балабақшасына спорт зал салынған, ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін дәрігерлік амбулаториясына ағымдағы жөндеу жұмысы жасалды. Ауылдағы басты сұрақтардың бірі - жол мәселесі шешілді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 13 млн. қаржыға Преображенка ауылының барлық көше жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Куйбышев, Садовая және Советская көшелеріндегі көпірлер жөнделіп, жаңартылды. Черноярка ауылының жолы жөндеуден өтті.
Күн тәртібі бойынша келесі сөз кезегінде аудан әкімі Р.Н.Сағындықов өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы тоқталды. Аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы ауданның жеткен жетістіктерін айта келе, жуық арада коммуналды шаруашылық саласында ауданның барлық округі кезеңмен таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп, жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қоғамдық саяси жұмыстары жалғасады деді өз сөзінде. Ауыл тұрғындары атынан А.Жылқыбаева, Т.Шнайдер жарызсөзге шығып, көшелерді жарықтандыру, ауылдық православиелік зират аумағындағы орды толтыру жұмыстары сияқты мәселелерді көтерді. Жастар тарапынан жас маман Л.Санина аудан және округ басшылығы жағынан жастар мәселесіне үлкен көңіл бөлетіндігін ризашылықпен жеткізді. Округтегі өзекті мәселенің бірі жайылымдық жерді бөлу. Тұрғындардың айтуы бойынша, округте мал жайылымы үшін ешқандай орын жоқ. Барлық жерлер тыңайтылған және егін егілген, ал бақташылар жаз бойы малды бір жерде ғана жаюға мәжбүр. Преображенкалықтардың сауалдарына жауап бере келе, аудан басшысы маңызды мәселенің бірі «Жұмыспен қамтудың - жол картасы - 2020» бағдарлама қатысушыларының қарыз қаражатын қайтару мәселесіне тоқталып өтті. Жалпылама айтқанда, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі «Ертіс» ӘКК алдында берешегі 27 млн. теңгені құрайды.
- Осы бағдарлама бойынша шағын несиені төлемеген азаматтарға міндетті түрде шаралар қолданылады», - деді өз сөзінде Рамиль Нығметжанұлы.
Үлкенбөкен ауылдық округінің тұрғындары аудан әкімі Р.Сағындықовтың, ауылдық округ әкім Н.Назархановтың және жергілікті полиция басшысы Ф.Мавлютовтың қорытынды есептерін тыңдай келе, бірнеше өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Жайылымдық және шаруа қожалықтары үшін егістік жердің жоқтығы мәселесі есептік кездесудің басты тақырыбына айналды. Округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Темірғалиев осы мәселе көктемде дейін шешімін таппаса, округте мал саны азайып, шаруашылықтар ыдырай береді деген пікір білдірді. Өткен жылы, ауыл тұрғындарын жұмыс орнымен ғана емес, мал азығына жем-шөппен қамтамасыз ететін жетекші шаруа қожалықтарының бірі «Өнім» ШҚ жұмысын тоқтатты. Біз жұмыс орындарын ғана емес, сондай-ақ ауылдық округ экономикасын да жоғалтамыз – деді ақсақал. Оның пікірін қолдаған ауылдасы А.Ахатов суармалы су арналарын тазарту жайлы басшылыққа ұсыныс жасады.
Л.Осипова басшылыққа аудандағы және округтегі жемісті жұмыс үшін алғысын білдіріп, балаларға арналған ойын алаңын көріктендіру туралы өтінішін білдірді. Лилия Васильевна сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке насихаттау аясында «Толағай» қоғамдық танымдық журналын, аудан энциклопедиясын жарыққа шығару өніндегі аудан әкімінің биылғы жылдық жоспарында баяндаған ұсыныстарын қолдады.
Ал жастар атынан сөз алған Үлкенбөкен орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Қалибасов округте мектепті және жас мамандарды қолдау бойынша бірсыпыра жұмыстардың атқарылғандығын айта келе, алдағы уақытта Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы аясында білім беруді одан әрі жаңғырту бойынша жұмыс жүргізу қажеттігіне тоқталды. Ол барлық тұрғындарды өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін бар күшін салуға шақырды. Есеп беру кездесуін қорытындылай келе, аудан басшысы жиында тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, алдағы уақытта шешімін табатынын ескертті.
-Сіздердің округтеріңіздегі жайылым мәселесі, көрші Преображенка ауылында да шешімін таппаған сұрақ, - деп баса айтты Рамиль Нығметжанұлы.
- Алайда, Үлкенбөкен ауыл тұрғындарының көбісі малдарын бос, қараусыз жібереді. Осылайша мал ұрлығы көбейеді. Әр тұрғын өзінің малы үшін жауапты болуы тиіс. Тек сонда ғана тәртіп болады дей келе, аудан әкімі Р.Сағындықов жайылымға жер бөлу мәселесі жуық арада жер қатынастары бөлімімен бірлесе қаралып, дұрыс шешім шығарылатынын сеніммен жеткізді.
Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз