Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ел Президентінің жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есебі – халық пен мемлекеттік органдардың мақсатын біріктіріп, атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттар, тапсырмалар мен міндеттер аудан әкімінің халық алдындағы есебінің басты өзегіне айналып, атқарылар жұмыстардың маңызы ашыла түсті.
Аудан әкімі Р.Н.Сағындықовтың есептік кездесуі 2-ші ақпанда Палатцы мен Сарыбел ауылдық округтерінде болып өтті. Бұл күнгі жиындар ерекше әсерлі өтті десек те болады. Олай дейтініміз, ауыл тұрғындарының өз ауылына деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығы сөйлеген сөздерінен-ақ анық байқалды. Кездесу барысында ауыл әкімі қызметін атқарушы өкілдерге ауылдың экономикасын көтеруге бағытталған бағдарламалардың іс жүзінде іске асып, ауылда жұмыс орындарының көптеп ашылуын, сондай-ақ, шағын кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасап, ауылдың жан-жақты көркеюіне жұмыс жасау керектігін басып айтты.


Рамиль Нығметжанұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткішінің өсуі ауданымыздың өткен жылды жемісті аяқтауына көп септігін тигізгенін атап өтті. Ауыл азаматтары асыл тұқымды ірі қара өсіріп, ауыл жұртын сүт және ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Алайда, аудан бойынша мал шаруашылығының дамуында әлі де кем-кетіктер бар, осы мәселелерді шешуде аграрлық саланы қолға алу керектігін айтып өтті. Аудан әкімі 2017 жылы аудандағы шешілген стратегиялық маңызды мәселердің бірі автоматтандыру мен цифрлық жүйеге өту туралы сұрақтарға тоқталды. Алдағы уақытта да Елбасы жолдауына сәйкес осы бағытта тығыз жұмыс жасалу керектігін баса айтты. Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары жоғары деңгейде болуы шарт екенін жеткізді.
Ауыл шаруашылығын дамытуда бөлінген жерді пайдалануды тиісті бақылауды ұйымдастыруды талап етеді. Тиімді пайдалану мақсатында пайдаланылмаған жерді кейіннен қайта бөлу үшін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қатысушылар аудан әкімі Р.Сағындықов пен округ әкімі Б.Базылағзамның есепті баяндамаларын тыңдап, оларға сұрақтарын қойды. Палатцы ауылдық округі тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған аудан басшылығының жұмысына оң баға берді.
Қатты аяз кезінде құдықтар қатып, ауыл тұрғындары сусыз қалды, - деп В.Kронвальд, A.Байғалиев, Б.Ғабитов және басқа да ауыл тұрғындары ең өткір және өзекті тақырыпты көтерді. Еңбек ардагері О.Танов ауылдың келешегіне алаңдайтынын жеткізді. Ауыл аумағында алтын, вольфрам, тантал, қорғасын тәрізді құнды минералдардың біртіндеп жер қойнауынан толығымен шығарылмаған «Кызыл» және «Чудское» кеніштері бар екенін дәлелдей алады. Ақсақалдардың айтуы бойынша, ауыл тұрғындары осы нысандарда барлау жұмыстарын жүргізу туралы Геология және жер қойнауын пайдалану министрлігіне хат жолдаған. Қуанышқа орай, хат жауапсыз қалмапты. Алдағы уақытта қар ерігеннен кейін зерттеудің алғашқы сынақтары өткізіледі. Ауыл тұрғындары, егер олардың үміттері расталса, ауыл көркейіп бұрынғы көрінісін қайтарады және жұмыс орындарын ашады деп санайды.
Көкпекті ауданының жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ф.Мавлютов тұрғындарға аудандағы құқықбұзушылық туралы қысқаша ақпарат берді. Ауылдық жерлердегі қылмыстарды арандатудың негізгі белгілерінің бірі олардың мүлкіне қатысты жауапсыз көзқарастар болып табылады. Осы тарапта жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ауыл тұрғыны Маулиа Каймбекова Кеңес Одағының Батыры, жерлестері Николай Александрович Шарабарин тұрған көше бойын жаңалауға, оның ерен ерлігі үшін ескерткіш тақта орнатуға ұсыныс жасады. Ал, ұлт қайраткері Мүбәрак Ілікбаев сол кезде қудалауға, қуғын-сүргінге ұшырап, өлім жазасына кесілгенін тілге тиек етіп. оның да ерліктерін дәріптеу жұмыстарын жүргізуін өтінді.
Жиын барысында сөз алған Самар коммуналдық қызметінің басшысы Қ.Смағұлов Палатцы ауылдық жерлеріндегі сумен жабдықтау жүйесін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қайта жаңарту үшін жүзеге асыруға қаражат керектігін айтты. Аудан әкімі өзінің орынбасарлары мен коммуналдық қызмет басшысына жылдың бірінші жартысына дейін осы жұмысты жүзеге асыру үшін тапсырмалар берді. Ауыл тұрғындарының барлық сұрақтарын аудан әкімі мұқият тыңдап, мәселелердің барлығы жұмыс тәртібімен шешілетінін жеткізді.
Сарыбел ауылдық округіндегі кездесу барысында ауылдық округ әкімі С.Қарымсақ жергілікті билік органдары шешетін негізгі мәселерді айтып өтті. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде ұялы байланыстың жоқтығы, Новостройка ауылында клубты жөндеу жұмыстары. Аудан әкімі Р. Сағындықовтың қолдауы арқасында ауылдың бас жоспарын жасау үшін 7 млн. теңге бөлінгенін жеткізді.
- Атқарушы биліктің жұмысы Мемлекет басшысының қаңтардағы Жолдауының 10 тапсырмасының орындалуына бағытталатын болады, - деп атап өтті аудан әкімі. - Жер мәселесі және оны тиімді пайдалану ең маңызды болып қалады. Жыл сайын Сарыбыл ауылы танымал демалыс аймағына айналуда, сондықтан осы жерлерге берген табиғат ресурстарын тиімді пайдалану қажет.
Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтар тұтастай алғанда әлеуметтік сипатта болды. Бұл округтегі салт-дәстүрлік қызмет көрсететін ғимараттың жоқтығы, Сарыбел ауылында мешіттің болмауы, әлеуметтік төлемақы сұрақтары ортаға салынды. Еңбек ардагерлері Ж.Тәкібаев, Т.Зәкіров жаңадан сайланған округ әкіміне өз жұмысын жандандыруды, халыққа жақын болуды ұсынды.
- Ауылдық жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу округ әкімінің құзырында болуы керек. Ол әр өтінімді мұқият қарауы тиіс. Президенттің және Үкіметтің сая-сатына сәйкес біздің барлық іс-шараларымыздың тиімділігіне негізгі критерий аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарын үнемі жақсарту болып табылады. Яғни ауданның жергілікті атқарушы органдарының барлық іс-әрекеттері халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі арттыруға және оның әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Ең бастысы, біз бәріміз бірігіп, ортақ үйде тұрақтылық пен келісімді нығайтуға тиіспіз, - деп қорытындылады аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлы.
Есеп беру кездесулері халықтың негізгі мәселелерін бірлесіп талқылауға және оларды шешудің нақты шараларын қабылдауға тиімді мүмкіндік береді. Барлық шешілмеген мәселелер тұрақты бақылауда болады.

ҚАНАТ АПСАДЫҚОВА

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз