Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

ҚАРАҒАНДЫКӨЛ

15 қаңтарда Қарағандыкөл ауылында Көкжайық селолық округінің әкімі Н.Сүлейменовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулері өтті. Жиналысқа Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан  Абылғазыұлы қатысты.

Ауыл әкімінің есептік жиынды өткен 2017 жыл ел көлемінде айтулы оқиғаларға толы болғанынан бастады. Биылғы жылы экономиканы дамыту үшін жерді дұрыс пайдаланып, мал басын көбейтіп, егін өсіру керек. Атқарылған істер жетерлік, алда әлі де көп жұмыстар күтіп тұр. Биылғы Жолдауда Елбасы 10 негізгі міндетті белгілеп берді. Облыс әкімі бізге үлкен тапсырма беріп отыр: Соған орай, аналық ірі қара бас малдың санын көбейтіп, сүт мәселесін шешу керек. Ол үшін әрбір ауылда сүт жинайтын пункттер және аруа қожалықтарды кооперативке  біріктіру қажеттігін тілге тиек етті округ әкімі.

 

Жиын барысында ауылдың байырғы тұрғындары Ж.Садуақасов, М.Нұрмұхамбетов өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Олар әкімнің бастамасымен ауылда көп жұмыстар атқарылғанын және бүгінде халықтың тұрмыс-жағдайына шағым жоқ, оның жұмысы көңілге қонымды екенін айтып ризалықтарын білдірді. Сонымен қоса, шешімін күттірген Көкжайық пен Қарағандыкөл арасындағы 10 шақырымдық жолды ағымдағы жөндеуден өткізу, ауыл көшелерін жарықтандыру мәселелерін де жайып салды.

Округ әкімі Нұрбек Сыдықұлы бұл сауалдарға жауап беріп, жолды жөндеуден өткізуге және демеушілік қолдау арқылы ауылға 8 электрофонарь орнатылады деп уәде берді.

Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының  орынбасары Б.Абылғазыұлы жиынды қорытындылай келе, келесі жылы ауыл адамдарының барлығы өз үлестерін қосса, бірлікпен жұмыла іс атқарса, алынбайтын қамал жоқ екенін жеткізді.

АҚОЙ, ҚАРАМОЙЫЛ

Аталған ауылдар тұрғындарымен кездесу мектеп ішінде өткізілді. Жарыссөзге Ақ-ой ауылының мектеп директоры Р.Кажиакберов, ауыл тұрғыны, мұғалім Г.Әбілмажинова шығып, тұрғындар атынан пікір білдірді. Олардың айтуы бойынша, жалпы басқа елдімекендермен салыстырғанда ақойлықтардың тұрмыс деңгейі едәуір жоғары болып отырғанын және ауыл жолдарына ағымдағы жөндеу жасалғанын, бабалар алаңы  салынып, мектеп оқушылырын тасымалдайтын жаңа автобус берілгені белгілі болды. Сондай-ақ, ауылдағы ғаламтор жүйесінің сын көтермейтіні де ескертілді. Бұл сұрақтарға округ әкімі жауап қайтарып, жұмыс ретін түсіндіріп өтті.

ШӘРІПТОҒАЙ

Көкпекті селолық округінің әкімі Ерлан Ниязбаевтың тұрғындармен есептік кездесуулері Шәріптоғай ауылында өтті. Күн тәртібі бойынша өткен жылда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, ағымдағы жылға міндеттер қойылды.

291 адам тұратын аталмыш ауылдың басты тіршілігі мал өсірумен тығыз байланысты – мал шаруашылығы. Ауылда бар ірі қара мал саны 762 бас, ұсақ мал саны 519 бас. Ауылда 8 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Шәріптоғайлықтар үшін 2017 жылдан есте қалатын ең қуантарлық жағдай ауылдағы орталық көшеде жарықтандыру жүргізіліп, 28 шырақ орнатылыпты..

Ауыл тұрғындарын қинайтын өзекті де өткір мәселе болып тұрған жаз мезгіліндегі мал жайылымының тапшылығы туралы сауалды ауыл тұрғыны Нұрлан Қожабаев және басқалар қойды. Бұл мәселенің шешімін табу жолдары өткен жылдан бері аудандық әкімшілікпен және жер қатынастары бөлімімен қарастырылып жатқаны әкім тарапынан ескертілді.

ТОЛАҒАЙ

Округ әкімінің келесі кездесуі Толағай ауылында жалғасын тапты. Бұл елдімекенде 139 адам тұратын 39 аула бар. Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауылда  барлығы 191 бас ірі қара, 373 бас ұсақ мал бар, 4 шаруа қожалығы мал өсіріп отыр. Өткен жылы Толағай ауылының көшелерінде 28 шырақ орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Қыс мезгілінде автокөлік жолдары қардан уақытында тазартылып тұрғаны туралы әкімнің есебінде айтылды.

Ал ағымдағы жылы Көкпекті–Толағай ауылдары аралығындағы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын жолды жөндеу жұмыстары жоспарлануда екені де мәлім болды. Ауыл тұрғындары тарапынан шешімін қажет ететін мәселелер жайлы ұсыныстар түскен жоқ. Айта кетерлігі, екі ауылдың халқы да округ әкімі Е.Ниязбаевтың жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тілейтіндерін жеткізді.

НОВОСТРОЙКА

Бекітілген кестеге сай Сарыбел ауылдық округі әкімінің м.а. С.Қарымсақовтың кезекті есеп беру жиналысы Новостройка ауылында өтті. Жиналыс барысының күн тәртібінде қаралған мәселелер төңірегінде сөз қозғаған округ әкімінің м.а. Санат Батанұлы Ауылдық округ әкімдігінің жұмысындағы басты міндет - бізге тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Осы мақсатта аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы «Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленгені жөнінде айтып өтті.

Әкімнің айтуы бойынша, жалпы, Сарыбел округінің құрамына Сарыбел және Новостройка ауылдары кіреді. Ауылдық округте барлығы 242 аулада 692 адам тұрады. Еншілес шаруашылықта 189 үй шаруашылығы бар. Ауыл тұрғындарын «Ертіс Транс» ЖШС қатты отынмен қамтамасыз етеді. Салық бойынша орындалуы 100%. Ауыл мектептерінде 2017-2018 оқу жылының басынан күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан 14 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. ҰБТ бойынша білім көрсеткіші  өткен жылы 105,5 балл құрады.

Новостройка ауылынан 3 бала тасымалдаумен қамтамасыз етілді, бұл үшін УАЗ көлігі бөлінген. Денсаулық сақтау қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізеді. Онкологиялық патологияларды ерте сатыда анықтау мақсатында аудан тұрғындары скринингтік тексеруден өткізіледі. Медициналық қызмет көрсетуге арналған фельдшерлік пункт қысқы маусымға отынмен қамтамасыз етілген.

Мерекелер мен атаулы күндер, жиналыстар, жастарға арналған би кештеріне арналған барлық іс-шаралар ауылдық клуб үйінде өткізіледі.

Жөндеуден өткізілген әкімдік ғимаратында кітапхана, көшпелі пошта, су құбыры, тірек және ветеринарлық бөлімдері қызмет етеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013-2017 жылдары 11 адамға 29 миллион теңге несие берілді.

Ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысатын, барлық іс-шараларды өткізетін әйелдер, ақсақалдар және ардагерлер кеңесі құрылған. Селолық округтегі мүгедек балалар мен қарт зейнеткерлерге қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер бар.

Сарыбел ауылдық округінде тұрғындардың мал жаюы, таңдаулы, асыл тұқымды мал өсіруді дамыту жұмыстарына бағытталған «Надежда Сарыбел» ауыл шаруашылық агроөнеркәсіптік кооперативі құрылған.

Округ әкімі С.Қарымсақ  жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, өткен жылға жоспарланған  мақсаттар мен міндеттердің орындалғанын және ауылдық округ әкімінің аппараты бұл жұмыстарды және халықтың әл-ауқатын жақсартуға байланысты істерді  жалғасын табатынын мәлімдей келе, 2018 жылға атқарылатын  жоспарларға тоқталды. Мәселен, волейбол алаңын орнату, ұялы байланыс желісін құру, ауылдық округтегі кәсіпкерлер, әйелдер, ақсақалдар кеңестері және  жастар ұйымы құжаттарын заң органдарында тіркеу мәселесі, аудан бюджетіне түсетін кірістерді  арттыру мақсатында салықтарды жинау бойынша арнайы органдарды тарту арқылы туризм саласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жұмыстарын жүргізу, округ тұрғындарының мұқтаждығы үшін қажетті өрт сөндіру машиналары мен ауыл шаруашылығы техникаларын уәкілетті органдарында тіркеу,  Сарыбел және Новостройка ауылдарында 7,5 млн. теңгеден астам сомаға бас жоспар дайындау, Көкпекті ауылында Сарыбел ауылдық округінің мәдени күнін өткізу сияқты шаралар.

Ауыл тұрғыны Р.Көккөзова тұрғындардың бос уақыттарын рухани және мәдени тұрғыда ұйымдастыру ошағы болып табылатын Новостройка ауылдық  клуб үйіне биылғы жылы жөндеу жұмыстары жасала ма деген сауал қойды.

КОМСОМОЛ

Ауылдық округ әкімі Д.Оспанов тұрғындар алдында берген есебінде өткен жыл барысында атқарылған жұмыстарды тізбелеп өтті. жарыссөзде  ауыл тұрғыны Әділбек Ермекбаев су мәселесі бойынша сұрақ қойды. Күн тәртібі бойынша сөз алған учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Р.Ибраев өз сөзінде Комсомол ауылының тұрғындарына далада иесіз жүрген малдарыңызға көз салып, жүрулерін өтінді. Сондай-ақ, мал сату кезінде сатып алушының аты-жөні, машинасының нөмірін есте сақтауларын ескертті және ауылдағы қаңғыбас иттер мәселесіне де тоқталды. Есебін қорытындылай келе учаскелік инспектор аула тазалығын да тілге тиек етті.

Кездесуге арнайы келген Көкпекті аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов сөз алып, малға екпе жасату және байланыс, жер мәселесі, несие туралы ауыл тұрғындарының атынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды.

Егінбұлақ ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары округ әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді. Округтегі өзекті мәселенің бірі ауыз су жайында талқыланды. Жиналыс соңында қорытынды шығарылып, қаулы қабылданды.

ПАЛАТЦЫ

Палатцы ауылдық округінің әкімі Бағжамал Базылағзамқызы Базылағзамның  2017 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2018 жылға міндеттер туралы Песчанка, Подгорное, Қарақол  ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиналыста Палатцы селолық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізгендері жайлы айтылып өтті. Сонымен қатар округ әкімі  биылғы жылға жоспарланған мынандай міндеттерді алға тартты. Атап айтсақ, Подгорное, Песчанка, Қарақол ауылдары көшелерін жарықтандыру, Палатцы ауылында қиыршық жол материалын қосу арқылы жөндеуді профилдеу.

Қарақол ауылында балаларға арналған ойын алаңын орнату.  Кезекті есеп беру кездесуіне ауылдық округтен 309 тұрғын қатысып, 14 адам жарыссөзге шықты. Жиын барысында округ басшысы ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптарын берді. Ағымдағы жылы көтерілген мәселелердің қарастырылатынын ескертті.  

Есеп беру кездесуінің соңында Палатцы ауылдық округінің әкімі әкімдіктің барлық жұмысы халық өмірін жақсартуға бағытталатынын атап өтті.

ЖАНСАРЫ, АҚТАС

22 қаңтар күні Үлкенбөкен селолық округіне қарасты Жансары және Ақтас  ауылында округ әкімі Нұрлан Үмітқазыұлы Назархановтың тұрғындар алдындағы дәстүрлі есеп беруі өтті. Бұл  кездесулерге аудандық мәслихат хатшысы Талғат Манапұлы Сарманов қатысты. Округ әкімінің есепті баяндамасын тыңдаған тұрғындар өзекті мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Жансары ауылында тұрғындар жазғы кезде үйдегі бұзаулардың жайылатын жері аздығын айтты. Округ әкімі Н.Назарханов  2017 жылы  20 ақпанда Жайылым туралы Заң шыққанын, осыған орай ауыл маңынан жайылымға жер бөлінетінін айтты. Жансары ауылында ғаламтор желісінің жылдамдығы неліктен  баяу деген тұрғындардың  сұрағына, округ әкімі «Елді мекендерді 2020 жылға дейін ғаламтормен толық  қамтамасыз ету» бағдарламасын іске асыру барысында бұл жағдайдың қалыпқа келетінін түсіндірді.

Халықтың негізгі күнкөріс көзі мал шаруашылығына тікелей байланысты болғандықтан  Ақтас ауылы тұрғындарының сұрақтары да мал жайылымының аздығы, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу сияқты мәселелер болды. Округ әкімі бұл мәселелер бойынша мал жайылымы заңына сәйкес жер бөлінетінін, жаз айларында «Жергілікті өзін-өзі басқару» бағдарламасы арқылы көшелерді жарықтандыру жоспарланғанын айтты. Көкпекті-Толағай 18 шақырым жолын жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінгенін, аудандық ТҮКШ бөлімімен тығыз байланыста екенін және осы жолдар биыл жөнделетінін жеткізді. Осы екі елді мекендегі тұрғындар есепті кездесу кезінде ауыл әкімінің жұмысына оң баға берді.

МИРОЛЮБОВКА

2018 жылдың 16 қаңтар күні Миролюбовка ауылдық округінің Раздольное ауылында  округ әкімі Серік Тоқтажанұлы Қасымхановтың есеп беру кездесуі болып өтті. Округ әкімінің есеп беру жиналысына аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысының орынбасары Н.Сарманова қатысты. Әкім өз баяндамасында округ әкімі аппаратының барлық қызмет саласы және жұмыстарды жүзеге асыру , бақылау жайын тілге тиек етті. Әкімнің баяндамасында елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік және экономикалық саясаттың тұрғындар арасында насихатталуы  және округ өміріндегі өзгерістерге басымдық берді. Әрине, бұл мәселелердің ақпараттандырылуы Елбасы мен Үкіметтің, жалпы халықтың алдына қойылған жұмыстарды тиімді іске асыруға мүмкіндік беретіні рас Серік Тоқтажанұлы ел Президентінің соңғы Жолдауындағы бағдарламаларға тоқталып, Қазақстан дамуына тың серпін беріп келе жатқан «Рухани жаңғыру» мақаласының да маңыздылығына тоқталды.

Ауыл әкімі мен тұрғындар арасында болған ашық әңгіме алаңында басқа да көптеген тақырыптар қозғалып, өткен жылы қол жеткен табыстар мен 2018 жылы алға қойылған жоспарлар да назарға алынды.

МЕЛИТОПОЛЬ

Шұғылбай селолық округінің әкімі Қ.Алғазинов 22 қаңтар күні округке қарасты Мелитополь ауылының тұрғындары алдында есеп беру жиынын өткізді. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Азат Қайратұлы Рахимбаев қатысып, діни ағымдар тақырыбында сөз қозғады. Ол өскелең ұрпақпен осы бағытта  атқарылатын жұмыстарды назардан тыс қалдырмау,  теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру жайын алға тартты.

МАМАЙ, НҰРА

Үлгілімалшы селолық округі әкімі Мерей Смағұловтың халық алдында есеп беру кездесуі Мамай, Нұра ауылдарында өтті. Есеп беру кездесуіне сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы  Қайрат Жұмағалиұлы Жылқышев және аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Сыдықұлы Ермек, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жұмабек Меделбекұлы Бахтинов қатысты. Кездесу барысында селолық округ әкімі Мерей Нығметжанұлы 2017 жылы атқарылған жұмыстар мен 2018 жылға қойылып отырған міндеттер туралы сөз қозғап, тұрғындарды толғандырып жүрген елді мекендерді аббаттандыру, көріктендіру бойынша сұрақтарына жауап берді. Мамай ауылында өткен жиында жер қатынастары бөлімінің басшысы тұрғындарды толғандырып жүрген жер мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Ауылдық округтер әкімшіліктерінің

ақпараттарынан баспаға дайындағандар

Бақыт МҮЛІКОВА, Шолпан АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз