Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жаңа жыл – бүкіл әлемнің асыға күтетін мерекесі болып, болашаққа деген көп жоспарды алға қойғызатын кез. Балалармен қатар ересектер де асыға күтетін мерекелердің бірі .Осы мереке Биғаш ауылында да өте қызықты және көңілді өтті. Желтоқсанның 30-нан бастап ауыл әкімі Д.Оспанов Аяз ата, Ақшақармен бірге, үй-үйді аралап,кішкентай балақайларға «Арна» шаруа қожалығының басшысы М.Жакуповтың және жеке кәсіпкер Р.Тоқпанованың демеушілігімен базарлық таратты. Балаларға арналған «Төрлет, Жаңа жыл!» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.

Ертегі сәніне айналған жыл иесі ит, арыстан, қолтырауын, қоян, түлкі, аю сияқты киінген бүлдіршіндер оларды құттықтай келген Аяз ата мен Ақшақарға әсем әндері мен мың бұралған билерін, көңілді ойындарын көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады .Осындай мереке Егінбұлақ, Комсомол ауылдарында да өтті. Әкімшілік атынан Т.Джамбаев Комсомол ауылының тұрғындарын жаңа жылмен құттықтады. Өз өнерлерін көрсеткен ауыл тұрғындары бірін-бірі құттықтап, Жаңа жылға жақсылық тіледі. Комсомол ауылында жаңажылдық шыршатойды ұйымдастыруға демеушілік жасаған «Оралхан» шаруа қожалығының басшысы А.Асқаров ауылдастарын құттықтап, жылы лебізін білдірді. Биғаш ауылының тұрғындарына 31 желтоқсан күні кешкі бал-маскарад ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары әртүрлі кейіпкерлер болып киініп, «Ең үздік костюм» аталымына ие болған Гномик, Аққала, Мыстан кемпір, Сайқымазақ, Сыған қызы аса бағалы сыйлықтармен, марапат қағаздарымен марапатталды. Ауыл тұрғындары ауыл әкіміне, әкімшілік ұжымына ризашылықтарын білдірді.


А.Момбаева, кітапханашы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз