Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, Көкжайық ауылында бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Көкжайық орта мектебінде ерлік сабақтары, салтанатты тізілім өткізілді. Атаулы күнге орай Көкжайық ауылдық кітапханасында «Ауғанстан біздің жүрегімізде» тақырыбындағы кітап көрмесі, тақырыптық сағат өткізілді. Мәдениет үйінде өткен шағын мерекелік концертте патриоттық әндер шырқалды.

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналып, Көкжайық орта мектебінің спорт залында волейболдан аудандық турнир өткізілді. Осы іс-шараға арнайы Көкпекті ауылының тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Ерлан Жұмажанов, Биғаш, Белое ауылдық округінің әкімдері қатысты. Жарыстың салтанатты жиынында ауылдық округ әкімінің құттықтау сөзінен басталды. «Қызыл Жұлдыз» Орденінің иегері, Ауған соғысының құрбаны Нұрсұлтан Орақбайұлы Разақовтың құрметіне және Ауған соғысында құрбан болғандарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздікпен жалғасын тапты. Аталған шараға он команда қатысып, жарыс таласты өтті. Бірінші орынды «Көкжайық жастары» командасы иемденсе, екінші орынды Тассай ауылдық округінің командасы тақымдады, ал үшінші орынды Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ командасы еншіледі. Жеңімпаздар және командалардың белсенді ойыншылары мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Н.Меирманова, жастар ісі
жөніндегі маман

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз