Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Үлкенбөкен ауылында тұрғындармен кооператив құру бойынша жиын өтті. Жиынды бастаған округ әкімі Н.Назарханов жиналғандарды «кооператив» ұғымымен таныстырып өтті. «Кооператив құру» туралы жаңа Заң шыққанын, оны қалай пайдалану керектігін атап көрсетті. Кооперативтің құрамында кемінде 2 адам болуы керек. Ірі қара мал, ұсақ мүйізді, жылқы малдарының аналықтарын кө-бейтуге мемлекеттен қаржылай көмек беріледі.
Жиын барысында Үлкенбөкен ауылы бойынша кооператив құруға 3 адам ниет білдірді. Олар өздерінің бағдарламаларын айтып, тұрғындарды таныстырды. Кооперативке біріккен жеке меншік малдарының табынында асыл тұқымды бұқа, қошқарлар болады. Бұл - малдардың басы асылданады деген сөз. Үлкенбөкен ауылының орталық көшелеріндегі ірі қара малдарды кооперативке біріктіріп бағуға Р.Нұрғалиева және С.Сафаев, ұсақ малдарды және ірі қара малдарды жайлауда бағуға А.Салагаев ниеттерін білдірді. Ауыл тұрғындары жеке меншік малдарды кооперативке біріктіргеннің пайдасы мол екен деп тарасты. Ендігі таңдау, мал иелерінің өзінде.

Ж.Оспанова, округ кітапханашысы

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз