Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауында экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, дансаулықтың қажеттілігі көрсетілгендігі мәлім. Ал, денсаулықтың мықты болуы, бүгінгі таңда еңбек етіп жүрген әрбір ақ желеңді абзал жандарға байланысты екені сөзсіз.

 

Әрбір іс, әрбір мамандық маңызды. Өз өмірін маңызды және пайдалы іске арнаған адам нағыз батыр десек, артық айтпаймыз. Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жанға жақын іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Біздің ше, дәрігер мамандығы – мамандық атаулының ішінде ең абыройлысы. Осындай абзал жандардың бірі – арамызда. Ол 1978 жылдан бастап бұрынғы «Көкпекті» кеңшарындағы учаскелік ауруханадағы фельдшер-дәрігер мамандығы бойынша қызмет атқарған Мария Жатакова Қасымбекқызы. Талай жылдар ыждаһаттылықпен еңбек етіп, халық денсаулығы күзетінде жүрген оны 2001 жылы Биғаш ауылдық амбулаториясының бастығы етіп тағайындайды. Бүгінде білікті маман фельдшерлік-акушерлік пункті басқарып отырған жайы бар.

Дәрігердің қоластындағы медбикелердің қатарында қабілетті, өз кәсібіне әрқашан жауапкершілікпен қарап, науқастардың алғысына бөленіп жүргендер де бар. Олар – Б.Даулова, Д.Мұратова. Білікті мамандар әрбір ем алушыға мейірімділікпен қарасып, жан жылуларын бөлісіп, қол ұшын созуға асығады. Кез келген уақытта көңіл бөліп, қажетті кеңестерін де аямайды. Ұжым арасында сыйлы да құрметті, тәжірибесі мол мамандық иелері отбасында сүйікті жар, аяулы ана. Ауылға сыйлы, қызметіне адал жандар.

«Білікті дәрігер – ел сақшысы» дегендей, бүгінде Мария Қасымбекқызы Көкпекті аудандық орталық ауруханасының білікті дәрігерлерімен бірлесіп, Биғаш ауылдық округінің шалғай елдімекендеріне жұмыс сапарын бастады. Бұндағы басты мақсат – жол жүруге шамалары жетпейтін, шалғай ауылдардағы қарапайым азаматтарға дәрігерлік көмек қолын созу. Ең алдымен, денсаулық сақшыларынан құралған топ сәуір айының екінші жұлдызында Қарғалы, Комсомол ауылдарына ат басын тіреп, емделушілерді қабылдады. Халыққа қызмет көрсеткен топтың құрамына аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Н.Әубәкіров, терапевт-дәрігер Р.Дюсембаева, құлақ, тамақ, мұрын дәрігері О.Тоғаспаев, педиатр Г.Құлмағанбетова кірді. Ақ желеңді абзал жандар ем алуды қажет ететін науқастарға ақыл-кеңестерін беріп, ем-домдарын жасап қайтты. Ауыл тұрғындары да осылай көңіл бөліп, сырқаттарын жазуға келген мамандарға ризашылықтарын білдірді. Бұл игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Кестеге сәйкес, келесі кезекте Егінбұлақ ауылына сапармен шығу жоспарланып отыр. Себебі, бұл ауылдағы медбике басқа жаққа көшіп кетуіне байланысты, жергілікті тұрғындар медициналық көмекке зәру болып жүрген жайлары бар.

Биғаш ауылдық округі тұрғындары атынан Көкпекті аудандық ауруханасының бас дәрігері Райфа Сафиоллинованы, халық денсаулығын нығайту жолында талмай еңбек етіп жүрген сол ұжымдағы қызметкерлерді, округ дәрігері, ақ желеңді періштеміз Мария Қасымбекқызын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болып, халыққа адал қызмет етіп, өз істеріңіздің жемістерін көре беріңіздер дегім келеді.

Р.Наурызбаева, Биғаш ауылдық округінің әкімі

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз